Париж-2024: Қазақстан қоржынында қанша жолдама бар

Қазақстан құрамасының қоржынында Париждегі олимпиада ойындарының 31 жолдамасы бар. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.Бірнеше айдан соң төртжылдықтың басты додасы саналатын олимпиада ойындары да жалауын желбіретеді. Әзірше Қазақстан құрамасында спорттың 11 түрінен, 31 жолдама ғана бар. Ең көп лицензияға иелік еткен – боксшылар. Былғары қолғап шеберлері 6 жолдамаға иелік етсе, нысана көздеуден -5, садақ атудан 4 жолдамамыз бар. Тас жолдағы велоспорт түрінен де әжептеуір жолдамаға қол жеткіздік. Үш велоспортшымыз Париждегі дүрмекте өнер көрсету мүмкіндігіне ие болса, қазіргі бессайыс пен таеквондо спортынан екі-екі жолдаманы жеңіп алдық. Өкінішке қарай, күрес түрлерінен тек екі жолдама бар. Грек-рим күресінен біреу болса, еркін күрестен де жалғыз жолдаманы Азамат Дәулетбеков иеленген еді. Ал әйелдер күресінен бірде-бір жолдамаға иелік етпедік. Бокстан әйелдер құрамасының қоржынында да бір ғана лицензия тұр. Сонымен қатар, спорттық гимнастика мен батуттағы гимнастикадан да бір-бір жолдамаға қол жеткізген едік. Дегенмен олимпиада жолдамасын сарапқа салатын әлі 50 шақты турнир бар. Сол сындарда спортшыларымыз сүрінбей, тиісті жолдаманы еншілетініне кәміл сенеміз.Айта кетейік, Париж олимпиадасында әлемнің 205 елінен, 10 мыңнан астам спортшы сынға түсіп, 32 спорт түрінен 329 медаль жиынтығын сарапқа салады.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Атырау облысында жерасты құбырынан су кетті
Шымкентте ірі наубайхана өртенді
Қазақстандық велоспортшы Азия біріншілігінде күміс жеңіп алды
Депозитте халықтың қанша ақшасы бар?
Шымбұлақтағы аспалы жол уақытша жабылады
"Еркектер де осылай ойлайды". Бұрынғы әнші Рүстем Жүгінісов 4 әйел алғысы келетінін айтты
Тапсырыспен өзгенің көлігін өртеп жіберген күдікті ұсталды
Астанада тұрғын үй кешенінің қасбеті баланың басына түсті
Ғаламтордағы алаяқтарға алданып қалмас үшін не істеу қажет?
Бишімбаевқа қатысты үкім шығады
Бишімбаевтың соты: Алқабилерге қойылған сұрақтар оқылды
Алматыда 300-ге жуық адамнан коронавирус анықталды
Телеарналар бір күн жұмыс істемейді
Жұмыссыз азаматтар су тасқынынан зардап шеккен өңірлерде жұмысқа орналаса алады
Біреудің тапсырмасын орындаған: Алматыда өзгенің көлігін өртеп жіберген күдікті ұсталды
Жұмыссыздар тасқынынан зардап шеккен өңірлерде жұмысқа орналаса алады
Тіс өсіретін дәрі адамдарға сынала бастады
Қазақстан Өзбекстаннан «Достық» каналы арқылы 922 млн текше метр су алады
Ақтөбе облысында су тасқынынан зардап шеккен отбасыларға 939 миллион теңге төленді
Илья Ильин қызын қазақтың салтымен бесікке салды (ВИДЕО)
Кредитті тез жабудың әдістері: пайдалы кеңес
Алматыда 277 адамнан коронавирус анықталды
Шымкентте өндірістік цех өртеніп кетті
Төрт дүркін Азия чемпионы! ASBC Қазақстанның болашақ супержұлдызын атады