Париж Олимпиадасының басталуына тура 100 күн қалды

Бүгін Франция төрінде алауы тұтанатын XXXIII жазғы Олимпиада ойындарының басталуына тура 100 күн қалды. Төрткіл дүние көз тіккен төртжылдық дода осы жылдың 26 шілдесі мен 11 тамызы аралығында өтеді.Осыған орай бүгін елордадағы «Астана» триатлон саябағында «Олимпиада ойындарына 100 күн» атты 5 шақырым қашықтықта қала тұрғындары арасында бұқаралық жүгіру шарасы өтпек. Айтулы шараға 5 шақырым қашықтықты бағындыра алатын барлық қала тұрғындары мен қонақтары шақырылады. Жас шектеуі жоқ. Ұйымдастырушылардың айтуынша айтулы бұқаралық жүгіру шарасы Олимпиадалық қозғалысты насихаттау әрі олимпиадашаларымыз бен олимпиадалық лицензияларды алуға үміткерлерімізді қолдау мақсатында өтпек. «Маңызды оқиғаға дейін, XXXIII жазғы Олимпиада ойындарының басталуына ағымдағы жылдың 17 сәуірінде 100 күн қалады. Соған орай Астана қаласы әкімдігінің қолдауымен қала тұрғындары қатыса алатын бұқаралық шарасын өткіземіз. Айтулы шара бұл жарыс еместігін айта кеткім келеді. Бұл бұқаралық жүгіру. Оған барлық тұрғындар қатыса алады»- дейді Астана қаласы әкімдігінің Спорттық бұқаралық іс-шараларды өткізу дирекциясының басшысы Бахтияр Масанов. Тіркелу кезінде қатысушыларға лотерея билеттері таратылып бағалы сыйлықтар ойнатылады. Сондай-ақ, бүгін осы шара аясында қол күрес (армрестлинг), арқан тартыс пен гір спортынан жарыстар өтеді.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Олимпиада чемпионы Давид Дегтяревке әкімдік ақшалай сыйақы табыстады
Ақтаудағы әуе апатынан қаза тапқан Әзербайжан азаматтарының денелері еліне жіберілді
Қарағанды облысында жаңа дене шынықтыру-сауықтыру кешені ашылды
Елордада JOLTAP жобасының қорытындысы шығарылды
Елге көлік кіргізу ережесін қатаңдатудың салдары қандай болмақ?
Шымкентте жаңа жыл түні 2 мың полицей қауіпсіздікті қамтамасыз етеді
Ұшақ апатынан қайтыс болған жолаушылардың туыстарына қолдау көрсетілуде
Олимпиада чемпионы Давид Дегтяревке әкімдік ақшалай сыйақы табыстады
Қайызғақтың кесірінен шашсыз қалуыңыз мүмкін бе?
ТЖМ құтқарушылары 47 адамның өмірін сақтап қалды
Абай облысында пәтер тонаушы ықпалды ұрылар тобы ұсталды
СҚО-да көп балалы аналарды құрмет көрсетілді
Адам қанша мандарин жесе өліп кетуі мүмкін?
Жаңа жылыңмен деп құттықтаудың өзі күнә, шариғатта рұқсат жоқ – блогер (ВИДЕО)
Таразда балалар мен жасөспірімдердің шығармашылығын қолдау орталығы ашылды
Қаза тапқан Әзірбайжан азаматтарының денелері Отанына жөнелтілді
29 желтоқсанда ауа райы қандай болады?
Абай облысында «қылмыстық гастрольдік квартет» атанған пәтер тонаушылар тобы ұсталды
Оқушылар қысқы каникулда қанша күн демалады?
Қарағанды облысында жаңа дене шынықтыру-сауықтыру кешені ашылды
Ақтаудағы әуе апатынан қаза тапқан Әзербайжан азаматтарының денелері еліне жіберілді
Жаңа жыл қарсаңындағы билет тапшылығы шешіле ме?
ТЖМ құтқарушылары 40 адамды эвакуациялады
Алматыда Аяз Атаның киіз үйлері ашылды