Париж тұрғындары электрлі самокатты жалға беру мәселесін дауысқа салмақ

2 сәуір күні Парижде электрлі самокаттарды жалға беру мәселесіне қатысты референдум өтеді, деп хабарлайды Астана телеарнасы Euronews-ке сілтеме жасап. «Электрлі самокаттарды еркін жалға беру қызметін жалғастыру қажет пе, жоқ па?» Мэрия қала тұрғындарына осы сұрақты қояды. Қазір Париж көшелерінде 15 мың шамасында электрлі самокат бар. Мобильді қосымша арқылы жалға алып, кез келген жерде қалдырып кете беруге болатын бұл қозғалыс құралына қатысты пікір екі түрлі. Тұрғындардың бірі бөлігі олар тротуарларда көп орын алады, жаяу жүретіндер үшін қауіпті деп санайды. Ал, енді бірі бұл қоршаған ортаны ластамайтын, Франция астанасында жылдам қозғалуға мүмкіндік беретін қоғамдық көліктің баламасы екенін алға тартады. Париж мэрі Анн Идальго тыйым салуды қолдайтынын, бірақ шешімді тұрғындар қабылдайтынын мәлім етті. Айта кетсек, өткен жылы жергілікті полиция осы қозғалыс құралына қатысты 400 оқиғаны тіркеген, 459 адам зардап шегіпті. Тротуармен жүру, қозғалыс кезінде мобильді телефон мен құлаққап пайдалануға тыйым салынған. Кейбір аудандарда жылдамдыққа шектеу бар. Ереже бұзғандарға 1 500 еуроға дейін айыппұл қарастырылған. Алматыда да бұл мәселенің өзекті екені жазылып жүр. Қала әкімі Ерболат Досаев электросамокат, мопедтерден туындайтын мәселелерді шешу туралы айтқан еді.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Маркус Тюрамға бірнеше команда қызығушылық білдірді 
Көркемдік жетекші және оның жаңа жобасы
 Тоқтар Жаңғылышбай «Қызылжар» құрамын толықтырды
Мейірбек Сұлтанхан, ақын, «Алтын домбыра» иегері: Керегі мен кебегін халық өзі ажыратып алады
Хоккейден Қазақстан әйелдер құрамасы Словенияны жеңді
950 жылдық теңдессіз туынды
Қайтарымсыз грант нәтиже беруде
ШҚО-да электр қозғалтқыштары шығарыла ма
Ақтөбе облысында алимент төлемегендерге қылмыстық іс қозғалды
«Тамаша» туралы тамаша тарту
«Таза Қазақстан»: эко ғана емес, сана тазалығы
«Егеменнің елдік жолы»: басылымға – 105 жыл
«Бывшыйым» артымнан қалмайды»: Коуч қыздарға абьюзер жігіттерден қалай құтылуды үйретті
“Жалған құжаттар жіберіліп жатыр“. ҚҰБ ескерту жасады
Орталық Азия елдерінің ортақ диалогы
Астанада желілік мұз айдыны қашан ашылатыны белгілі болды
Өңірлер қуатты болса, мемлекет мықты
Ауыр атлетика: Артем Антропов – әлем чемпионы
Семейде Шәкәрім Құдайбердіұлының ескерткіші ашылды
Отшашуға толы Mercedes Benz жүк көлігі өртенді
«Ақшаға таласыпты»: Сырым Исабаев Қайрат Нұртас туралы шындықты айтты
World Boxing Астанада әлем чемпионатын өткізетін болды
5 пәкістандық шекарадан заңсыз өткені үшін сотталды
Күн аяздап, көктайғақ болады. Демалыс күндеріне ауа-райы болжам қандай?