Парижде жарылыс салдарынан зардап шеккендер саны 37 адамға жетті

Париж қаласының орталығында болған жарылыс салдарынан кем дегенде 37 адам зардап шекті. Тағы төрт адам ауыр халде жатыр. Бұл туралы Астана телеарнасы Euronews-ке сілтеме жасап хабарлайды. Агенттіктің хабарлауынша, үйінділер астында тағы екі адам қалуы мүмкін. Оқиға Франция астанасының бесінші ауданында, Люксембург саябағы мен Пантеонға жақын жерде орналасқан Париждегі Америка академиясының ғимаратында болды. Алдын ала болжам бойынша, ғимарат ішінде газ жарылып, қасбеті жолға құлады. Жақын маңдағы үйлердің тұрғындары эвакуацияланды. Оқиға орнына екі жүзден астам өрт сөндіруші, құтқару қызметтері, сондай-ақ Париж мэрі Анн Идальго келді. Прокуратура жарылыс себебінің екі нұсқасын тергеу үстінде – «қауіпсіздік ережелерін бұзу» және «адамдардың салақтығы». Бұл туралы брифингте Париж прокуроры Лор Бекюо мәлімдеді. Осыған дейін Париж орталығында жарылыс болып, кем дегенде 16 адам зардап шеккенін хабарлаған едік.

Читать источник astanatv.kz/kz/
"Бұл масқара". UFC Асу Алмабаевтың әрекетін сынға алды
Алматыға 1,7 млн турист келді
Димаш Құдайбергеннің шоуы Лондонда өтеді
Данияр Елеусінов UFC президентімен келісімшарт жасасты
Алматы қаласы мәслихаты шешімін мемлекеттік тіркеу туралы АҚПАРАТ  
«Болашақ күйеуіңізге қандай талап қоясыз?». Сабина Алтынбекова көптің көкейіндегі сауалға жауап берді
Қостанай облысында 174 ауыр жүк көлігі жолда қалып қойды
Испания БҰҰ-ның бұрынғы басшысын жемқорлық ісі бойынша қамауға алды
Тұман, көктайғақ: 14 наурызға арналған ауа райы болжамы
Қостанай облысында боранды түнде 170-тен аса ауыр жүк көлігі жолда қалып қойды
Ленин кинотеатры Қарағанды облысының Жастар үйіне беріледі
Жаңаөзенде жантүршігерлік жол апатынан екі бала көз жұмды
Жезқазғанда «Таза Like» акциясы басталды
Өлексе сатқанша өлгені жақсы еді: Астанада алаяқ кәсіпкер ұсталды
Егескен екеу ел бола ма?.. Зеленский Путиннің пайымына түсініктеме берді
Астана мен 14 өңірде дауылды ескерту жарияланды
Алматыға 1,7 млн турист келді
Қарағандыда шалбарын шешіп, оқушыларды аңдып жүрген адам психикалық орталыққа тапсырылды
"Алтынбек - ұры жүйенің идеологы болған адам" - Серік Әбдіраханов
«Неге туып алмайсың?»: Айнұр Тұрсынбаева орынсыз сұрақ қоятындарға ренішін білдірді
Тірі кезінде бағалаңыздар! – Нұрлан имам
«Менің қуанышым»: Жансая Әбдімәлік күйеуіне сезімін білдірді
Қостанайда қарлы тосқауылдан 15 адам құтқарылды
Костенко шахтасындағы жарылыс: басшылық қарапайым қауіпсіздікті сақтамай келген бе