Парижде Олимпиада ойындары алдында мигранттар көшіріле бастады

Полиция мигранттарды Париждегі уақытша лагерьден көшіре бастады. Алайда баспанасыз топтарға көмек көрсету топтары бұл жазғы Олимпиада ойындарына дайындыққа байланысты жасалып жатқанын айтты, деп хабарлайды KAZINFORM Еuronews-ке сілтеме жасап.Француз полициясы лагерьден Батыс Африкадан келген 30-ға жуық жасөспірім мен жастарды қуып жіберді. Құқық қорғаушылар мен үйсіздерге көмек көрсету ұйымдары мұны «әлеуметтік тазарту» деп атаған. Көшірілгендердің көбі кәмелетке толмағандар, олар тұруға ықтиярхат алмақ болған. «Біз бұл Олимпиада ойындарын ұйымдастырумен байланысты деп ойлаймыз. Мұндай эвакуация Парижде бірнеше ай бойы апта сайын қарқынды түрде жүріп жатыр, бұл көшеде тұратын барлық адамдарға әсер етеді», - деді «Le revers de la medaille» тобының мүшесі Орели Юо. Полиция бұл операцияның қауіпсіздік мақсатында, әсіресе уақытша лагерь кейбір мектептерге жақын болғандықтан жүргізілгенін айтты. «Бұл – Олимпиада алдында Парижде болып жатқан әлеуметтік тазартудың тағы бір мысалы. Полиция Париждегі барлық лагерьлерді эвакуациялап жатыр. Өйткені Олимпиадаға және туристерге жол ашқысы келеді. Олар Париждің мигранттармен және баспана іздеушілерге толы болғанын көргісі келмейді», - деді «Утопия 56» ҮЕҰ мүшесі Элиас Хуфнагель. Бұл жаңалық полиция Париждің оңтүстігіндегі Францияның ең үлкен сквоттерлер лагерінде ауқымды көшіру жүргізгеннен бірнеше күн өткен соң тарады. Көмек көрсету топтары мигранттар Парижден алыс жерге көшіріліп жатқанын атап өтті.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Қанат Шарлапаев Атыраудағы вагон жасайтын зауыттың қызметімен танысты
IX Қысқы Азия ойындары: министрлік ұлттық құраманың спорттық формасын таныстырды
Маңғыстау облысында 600 адам балық аулаумен айналысады
Қостанайлық дәрігер боранда босанған әйел мен нәрестенің өмірін сақтап қалды
Жамбыл облысында ұрланған малдар иесіне қайтарылды
Оралда тұрғын үй ауласындағы шыршаны ұрлаған ер адам ұсталды (ВИДЕО)
Әзербайжан Премьер-министрі Қазақстанның Бакудағы Елшілігіне барды
Ақтөбеде жоғалып кеткен адам аман-есен табылды
Қазақстанда қатерлі ісікті ерте диагностикалауға арналған үш бірегей радиофармпрепарат шығарыла бастады
Харбин-2025: Қазақстан құрамасы Азия ойындарында қандай форма киетіні белгілі болды
Семейде жеке тұрғын үйде өрт шықты
2025 жылы Қазақстанда тағы 10 жол ақылы болады
Қостанай облысында жолаушылар мінген автокөлік қар құрсауында қалып қойды
Маңғыстау облысында 600 адам балық аулаумен айналысады
Атырауда балық шабақтары қырылып жатыр
IX Қысқы Азия ойындары: министрлік ұлттық құраманың спорттық формасын таныстырды
Қазақстанның 2024 жылғы ең үздік жас шахматшылары анықталды
Әнші Ернар Айдардың әкесі өмірден өтті
Қанат Шарлапаев Атыраудағы вагон жасайтын зауыттың қызметімен танысты
Жаңа жылдық жұмыс: Аяз ата мен Ақшақарлардың табысы қанша?
Мұрат Нұртілеу Кипрдің сыртқы істер министрімен сөйлесті
Ақтөбе облысының құтқарушылары далада адасып кеткен жұмысшыны бір тәулік бойы іздеді
Абай облысында үздік педагогтар марапатталды
Балалар колониясында шырша мерекесі өтті