Келесі жылы Парижде өтетін 33 жазғы Олимпиаданың ашылу салтанаты мінсіз әрі қауіпсіз болуы шарт. Салтанатты шараны 35 мыңнан астам полиция қадағалайды, деп хабарлайды BAQ.KZ.Франция қазірден спортшылар мен көрермендердің қауіпсіздігі үшін лаңкестік және әуе шабуылдарының алдын алу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Қазірге дейін Олимпиада ойындарына 3 миллионнан астам билет сатылып кеткен. Сұраныс, әсіресе, дзюдо жанкүйерлерінен көп болыпты. Олимпиада комитетінің ақпаратынша, ашылу салтанатының билет құны 5 500 еуродан 25 000 еуроға дейін, ал жарыстарды тамашалау үшін бір күнге арнайы билет пакеті 72 еуро, ал жекелеген билет бағасы 24 еуро тұрады.