Еліміздегі кәсіпкерлікті реттеу бойынша заң жобасы пысықталып жатыр. Онда 300-ден астам түзетулер енгізу көзделген. Құжатты бүгін Ұлттық экономика вице-министрі Тимур Жақсылықов таныстырды. Оның айтуынша, ұсынылған заң жобасы екі тармақтан тұрады. Біріншісі кәсіпкерлікті реттеу және бақылау бойынша болса, екіншісі бизнесті жетілдіруді көздейді.Тимур ЖАҚСЫЛЫҚОВ, ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА ВИЦЕ-МИНИСТРІ: Мұнда әркім өз міндеттерін нақты түсінеді. Нәтижесінде тұтынушылар тауарлар мен қызметтердің ең жақсы сапасына ие болады.Біз осы Заң жобасымен бақылауды төмендетпейміз, оны реттейміз, ретке келтіреміз. Алайда депутат Бақытжан Базарбек вице-министрдің ұсыныстарымен келіспеді. Оның айтуынша, заң жобасында ешқандай нақты өзгеріс қарастырылмаған. Ол жауаптыны жиынға ат үсті келген деп сынға алды. Бақытжан БАЗАРБЕК, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ: Бизнес аясында, мынау заң жобасы аясында қандай өзгерістер енгізу жоспарланған, айталмай тұр. Сондықтанда мен ашығын айттым бұл жерде. Мынау жәй ғана ақ қағаз, ақ қағазда бір әріптер тұр болды. Егер мынау заң жобаға баға бер десе мен 2 деген баға беретін едім.