Парламент сенатының алғашқы төрағасы өмірден өтті

Мемлекет және қоғам қайраткері, Парламент Сенатының тұңғыш төрағасы, «Отан» орденінің иегері, академик Өмірбек Байгелдіұлы дүниеден өтті. Ол 1939 жылы Жамбыл Облысының Қызыл октябрь ауылында дүниеге келген. Саналы ғұмырында түрлі қызметтерді абыроймен атқарды. Еңбегінің жемісті болуына басты себеп атпал азаматтың қарапайымдылығы мен білімге құштарлығы еді дейді әріптестері. Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекет және қоғам қайраткері Өмірбек Байгелдінің отбасы мен жақын туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдады. Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ: Өмірбек Байгелдіұлы егемендіктің берік іргетасын қаласқан тұғырлы тұлға, Отанымыздың дамуына қажырлы еңбек сіңірген ұлтжанды азамат болды. Қазақстан Республикасы Парламентінің қалыптасуына зор үлес қосты. Ғибратты ғұмыр иесі өзінің нағыз парасатты тұлғаға тән қадір-қасиетімен барша жұрттың сый-құрметіне бөленді. Соңына жарқын із қалдырған Өмірбек Байгелдіұлының есімі мен бейнесі халқымыздың жадында мәңгі сақталады. Марқұмның иманы саламат, жаны жәннатта болсын. Өмірбек Байгелді еңбек жолын өзі туған колхозда жұмысшы болып бастаған. Әр жылдары Жамбыл облыстық атқару комитетінің төрағасы, Жамбыл облысының әкімі, Президент кеңесшісі қызметтерін атқарды. 1996-1999 жылдары Сенаттың алғашқы төрағасы болды. Әр қызметін абыроймен адал атқарды дейді замандастары. Ирак ЕЛЕКЕЕВ, МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРІ: Біздің таныстығымыз анау 90 жылдарда басталды. Ең бірінші екі палаталы кәсіби палата құрылған кезде. Өмірбек Байгелді ағамыз сенаттың төрағасы болды. Қиын мезгіл. Есімде бар. Свет жоқ, 5-6 ай азаматтар жалақысын ала алмай жүрді. Зейнеткерлікке шығатын жасты көбейту керек деген әңгімелер айтылған. Сол кезде осы кісі қарсы болған. Өмірбек Байгелдіні білетіндер қызметіне адалдығынан бөлек ерекше кітапқұмар болғанын айтады. Шендімін деп көкірегін кермейді, өте байсалды ұқыпты еді дейді. Елінің тарихын терең білетін біртуар азамат болды. Мырзатай ЖОЛДАСБЕКОВ, МЕМЛЕКЕТ ЖӘНЕ ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРІ: Дүниеден халқымыздың бір асыл перзенті, елге сыйлы болған азамат өтті. Ол -Өмірбек Байгелді. Өмірбек Екеуміз көрші ауылда бірге өстік. Жастайынан зерек еді. Бір жағы менің інім еді. Менен кішілеу болатын. Өмірбек Тарихты көп білетін еді. Жақсының аты өлмейді, ғалымның хаты өлмейді. Парламент сенатында 16 жыл қызмет атқарған Өмірбек Байгелдінің болмысы әріптестерінің жадында сақталмақ.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Еркебұлан Сейдахмет Польша чемпионатына ауысуы мүмкін
Ақтөбе облысында сымдарға мұз қатып, ауылдар жарықсыз қалды
Түркістан облысына жаңа әкім тағайындалды
Кілтіңізді көршіңізге қалдырмаңыз!
Көпбалалыларға жаңа салықтық жеңілдіктер енгізілді
Меркідегі "мереке"
Сыбайлас жемқорлықпен күрес – баянды болашақтың кепілі.
Сатыбалдыға қатысты сот шешімі өзгеріссіз қалды
Қасым-Жомарт Тоқаев: Метапневмовирусқа байланысты даурығудың қажеті жоқ
Шамадан тыс тамақтану жүректің жұмысын қиындатады
Жанқош Тұраровтың келесі жекпе-жегі қашан өтетіні белгілі болды
Қазақстандағы су қоймаларында көктемгі су тасқынына дайындық басталды
ІІМ қазақстандық қылмыскерлердің қандай елдерде табылғанын айтты
Түркістан облысында ұрланған көлік Тараздан табылды
Қасым-Жомарт Тоқаев Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Студенттер үйіне барды
Германия тұрғындары отшашуды қолдануға наразы
Сенаторлар Qazcontent ұжымымен кездесті
Нұрбек Оралбай ұлттық құрамадағы жаттығуына қашан оралады?
Көлікті өрттен қалай қорғауға болады?
Негізсіз жұмсалмақ болған 55 миллиард теңге бюджетке қайтарылды
Мәжілісмендер Петропавлда құны 851 млн теңгелік бөгет жұмысымен танысты
Музыкалық мектеп 18 мың бөтелке сірке суын сатып алмақ болған
Өнерде тұлғаларды бай мен кедей деп бөліп зерттеу олардың есімін ұрпақ санасынан өшірді – күйші Жанғали Жүзбай
Ауылдардағы денсаулық сақтау мәселесі депутаттардың бақылауында