Парламенттік сайлау реформалар тұрғысында өтті – ЕҚЫҰ ДИАҚБ миссиясының мәлімдемесі

ЕҚЫҰ ДИАҚБ миссиясы Мәжіліс пен мәслихаттар депутаттарын сайлаудың алдын ала нәтижелері бойынша мәлімдеме жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.«2023 жылғы кезектен тыс парламенттік сайлау ЕҚЫҰ-ның халықаралық стандарттар мен міндеттемелеріне сәйкес сайлау өткізуге Қазақстанды жақындату мақсатында басталған реформалар тұрғысында өтті. Заңнамаға түзетулерде ДИАҚБ-ның бұған дейінгі бірнеше ұсынымдары ескерілген және сайлаушылар үшін таңдау жасау мүмкіндігін кеңейтті. Дегенмен, демократиялық сайлаулар өткізуге барынша негіз қамтамасыз ету үшін нормативтік-құқықтық базаларға одан ары да өзгертулер енгізу қажет», - делінген ЕҚЫҰ ДИАҚБ миссиясының мәлімдемесінде. ЕҚЫҰ-ның сайлауларды байқау жөніндегі қысқа мерзімді миссиясының арнаулы үйлестірушісі әрі жетекшісі Ирен Чараламбидес еліміздің барлық өңірінде миссияның 300-ден қысқа мерзімді байқаушысы жұмыс істегендігін атап өтті. «Біз нақты бір оң оқиғалардың куәсі болдық. Дегенмен, әлі де болса көп нәрсе жасау керек. Бұл динамикалық процесс. Реформа бір күннің ішінде жылдам жүзеге асырылмайды. Оған билік тарапынан да, азаматтардың тарапынан да шынайы күш-жігер талап етіледі», - деді Ирен Хараламбидес. ЕҚЫҰ Парламенттік ассамблеясы делегациясының бастысы Рэйнхольд Лопатканың атап өтуінше, сайлау аясындағы бәсекелестік күрес деңгейі айтарлықтай өскен. Бірақ, әлі де болса заңдық және әкімшілік қиындықтар бар.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Абай облысында пәтер тонаушы ықпалды ұрылар тобы ұсталды
Қаза тапқан Әзірбайжан азаматтарының денелері Отанына жөнелтілді
Абай облысында «қылмыстық гастрольдік квартет» атанған пәтер тонаушылар тобы ұсталды
Елордада JOLTAP жобасының қорытындысы шығарылды
Елге көлік кіргізу ережесін қатаңдатудың салдары қандай болмақ?
Шымкентте жаңа жыл түні 2 мың полицей қауіпсіздікті қамтамасыз етеді
Ұшақ апатынан қайтыс болған жолаушылардың туыстарына қолдау көрсетілуде
Олимпиада чемпионы Давид Дегтяревке әкімдік ақшалай сыйақы табыстады
Қайызғақтың кесірінен шашсыз қалуыңыз мүмкін бе?
ТЖМ құтқарушылары 47 адамның өмірін сақтап қалды
Абай облысында пәтер тонаушы ықпалды ұрылар тобы ұсталды
СҚО-да көп балалы аналарды құрмет көрсетілді
Адам қанша мандарин жесе өліп кетуі мүмкін?
Жаңа жылыңмен деп құттықтаудың өзі күнә, шариғатта рұқсат жоқ – блогер (ВИДЕО)
Таразда балалар мен жасөспірімдердің шығармашылығын қолдау орталығы ашылды
Қаза тапқан Әзірбайжан азаматтарының денелері Отанына жөнелтілді
29 желтоқсанда ауа райы қандай болады?
Абай облысында «қылмыстық гастрольдік квартет» атанған пәтер тонаушылар тобы ұсталды
Оқушылар қысқы каникулда қанша күн демалады?
Қарағанды облысында жаңа дене шынықтыру-сауықтыру кешені ашылды
Ақтаудағы әуе апатынан қаза тапқан Әзербайжан азаматтарының денелері еліне жіберілді
Жаңа жыл қарсаңындағы билет тапшылығы шешіле ме?
ТЖМ құтқарушылары 40 адамды эвакуациялады
Алматыда Аяз Атаның киіз үйлері ашылды