"Парламенттің рөлін күшейтіп, партияның да халық алдындағы жауапкершілігін арттырды"- Е. Бейсенбаев

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «AMANAT» фракциясының жетекшісі Елнұр Бейсенбаев әлеуметтік желідегі парақшасында елдегі өзгерістер туралы жазды. "Құрметті достар!Күні кеше елімізде үлкен кадрлық өзгерістер болды. Ел Президентінің шешімімен Үкімет таратылып, жаңа Үкімет жасақталды. Бұл ретте, былтырғы сайлауда көпшіліктің басым даусына ие болған партия ретінде «AMANAT» Президент ұсынысымен тағы да Премьер-министр лауазымына кандидатура ұсынды. Бұл жолғы таңдау тәжірибесі мол, кәсіби біліктілігі жоғары, көптеген жауапты лауазымдарда шыңдалған Олжас Абайұлы Бектеновке түсті. Бұл ұсыныс Мәжіліс депутаттары тарапынан қолдау тауып, Мемлекет басшысы жаңа Премьер-министрді тағайындады. Мұндай тәжірибе Парламенттің рөлін күшейтіп, партияның да халық алдындағы жауапкершілігін арттырды. Осыған орай Үкіметтің жұмысын Фракция және барша Мәжіліс депутаттары алдағы уақытта да әдеттегідей жіті бақылап, нақты талап етіп отыратын болады. Елімізде бүгіннің өзінде ондаған жылдар бойы қордаланған бірқатар өзекті мәселелер бар. Оның ішінде, еліміздегі азық-түлік бағасының өсуі, халықтың несиеге белшеден батуы, баспанаға кезекте тұрған азаматтар санының 640 мыңнан асуы, өңірлердегі су тапшылығы, ТЭЦ-тердің әбден тозуы, медициналық сақтандыру жүйесінің сын көтермеуі, мемлекеттік сатып алу жүйесінің олқылығы және т.б. проблемалар. Жасақталатын жаңа Үкімет осы секілді кезек күттірмейтін мәселелерді шұғыл шешіп, халықтың әл-ауқатын арттыру бойынша жұмысты тез арада ширатуы қажет деп есептейміз. Сондай-ақ, жаңа Үкіметтің алдында елден заңсыз шығарылған миллиардтаған қаржыны қайтарып, ел игілігіне пайдалану міндеті тұр. Бұл ретте, Олжас Бектеновтің осы салада атқарған қызметі мен мол тәжірибесі өз нәтижесін беретініне сенімдіміз. Қашанда, жаңа Үкіметке артылар жүк ауыр. Елдің артқан аманатын, Президенттің қойған міндеттерін, депутаттардың білдірген сенімін ақтау жауапкершілігі тұр. Осы жолда жаңа Премьер-министр Олжас Бектенов бастаған Үкіметке ауқымды міндеттер жүктеумен қатар, жемісті жұмыс пен толайым табыс тілейміз.",-деп жазды депутат. 

Читать источник astanatv.kz/kz/
Еліміз Мажарстанмен бірнеше салада бірігіп жұмыс істейді
Бүгін Халық әртісі Мақпал Жүнісованың туған күні (ВИДЕО)
Қазақстандықтар тіс емдетуге 56,3 млрд теңге жұмсаған
Ауыл медицинасы: Жаңа жетістіктер мен цифрлық серпін
Азаматтар вакцинация деректерін оңай бақылай алады
Уақыт пен қаражат үнемделеді
Денсаулық сақтау саласындағы маңызды бағыт
«Бір күндік клиника» жобасы – ана денсаулығын қорғаудағы жаңа қадам
АҚШ қаржы министрлігі «Нұрсұлтан Назарбаев» танкеріне санкция салды
Өзбек футболының жаңа белесі: Абдуқодир Хусанов "Ман Сити" ойыншысы атанды
Мектеп асханаларында тұз бен қант мөлшері азайтылады: денсаулыққа пайдалы өзгерістер
Абайтанушы Мекемтас Мырзахметов өмірден озды
«Тұран таулары» халықаралық симпозиум-пленэрі көрмесі ашылды.
55 миллион теңге ұрлаған күдікті Швецияда ұсталды
Жазушы Мұхтар Мағауин АҚШ-та жерленеді
Алматыда есірткі өндірісіне арналған 3 тонна прекурсорлар мен құрал-жабдықтар тәркіленді
Бүгін 4 қалада ауа сапасы нашарлайды
11 қаңтардағы ауа райы болжамы: тұман мен жел күтілуде
Алматыда полиция қызметкерін өлтіріп кетті
“Келешек“ жүйесі: қалай жинауға және қайда жұмсауға болады?
Президент Мекемтас Мырзахметұлының отбасына көңіл айту жеделхатын жолдады
Мәжіліс депутаттары «Қазақстан» спорт кешенінің құрылысымен танысты
«Келешек» бірыңғай жинақтау жүйесінің пайдасы қандай
Ұлтаралық алауыздықты қоздырған Ақмола тұрғыны сотталды