Партиялар әділ бәсеке жүргізуге уағдаласты

Мәжіліс пен мәслихаттар сайлауына қатысатын жеті партияның алтауы әділ сайлау өткізу жөнінде меморандумға қол қойды. Құжатқа қол қоя отырып, партиялар тек қолданыстағы заңнама аясында әрекет етуге, сондай-ақ үгіт-насихат кезеңінде ашық бәсеке жүргізуге уағдаласты. Ал Жалпыұлттық социал демократиялық партия бұл бастаманы қолдаудан қалыс қалды. «AMANAT» партиясының Төрағасы Ерлан Қошанов "меморандум – елімізде адал бәсекелестікке негізделген жаңа саяси мәдениет қалыптастыру бағытындағы маңызды қадам" деді.Ерлан ҚОШАНОВ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ: 19 наурызда Мәжіліспен барлық деңгейдегі мәслихаттардың сайлауы өтеді. Бұл сайлаудың нәтижесінде еліміздегі саяси жүйе толығымен жаңарады. Партиялардың сайлаушылар алдындағы жауапкершілік жүгі жеңіл емес. Бұл науқанның ашық, таза әрі әділ өтуі бірінші кезекте бізге саяси күштерге тікелей байланысты. Саяси ұйымдар бір-бірінің және өзге партиялардың атынан ұсынылған кандидаттардың ар-намысына, қадір-қасиетіне және іскерлік беделіне нұқсан келтіретін мәліметтерді таратпауға, сайлау учаскелерінде тәртіпсіздікке жол бермеу үшін өзара жәрдемдесуге, үгіт-насихат кезінде заңнаманы және халықаралық стандарттарды ұстануға келісті.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Turkish Airlines ресми түрде әлемнің ең көп елдеріне рейс жасайтын әуе компаниясы ретінде Гиннес кітабына енді
«Қарғыс атқыр...»: Қанат Әлжапбаровтың тойда айтқан сөзі жұрттың ашуына тиді
Германияда бір отбасы үйінде 605 шырша орнатты
Келер жылы қазақстандықтар міндетті медициналық сақтандыруға қанша төлейді
Дзюдо күресіне өзгерістер енгізілді 
ҰБТ-ны қайта тапсыру керек пе? Қаңтар айындағы тестілеуге тіркелудің уақыты келді
Черчесов ағынан жарылды
«Аяз, тұман»: Еліміздің 15 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Тұман, жел, көктайғақ: 25 желтоқсанға ауа райы болжамы жарияланды
Черчесов кетпейтін болды
Жаңа жылға сыйлық: ерекше смартфон сатылымға шықты
Германияда бір отбасы үйінде 605 шырша орнатты
Бүгін 11 қалада ауа сапасы нашарлайды
БҚО-да алғашқы жайлы мектеп ашылды
Өскемен мен Талдықорғанды жалғаған республикалық трасса ашылды
Жылды қалай дұрыс аяқтау керек? Жылды қорытындылау несімен пайдалы?
Елімізде адағы үш күнде ауа райы қандай болады
Қарағандыда 94 медицина қызметкерінің отбасы қызметтік пәтер алды
«Көзін ойып, тістерін қағып алған»: Алматыда ауладан табылған әйелдің анасы сұмдық жайттың бетін ашты
Енді қонағыңыз үйіңізде ұзақ жатып қалса, айыппұл төлеуіңіз мүмкін
Қазақстандықтар қаңтар айында қанша күн демалады?
Абай облысының 101 жастағы тұрғынына жаңа құжат табысталды
25 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы
“57 млн жымқырған“. Әйелінің туыстарын алдаған астаналық сотталды