Партиялық бақылау бекеттері тұрғын үй құрылысы басталмай тұрып іске кірісу керек. Мұндай шешімді «АМАНАТ» партиясы мүшелері Өскеменде өткен сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі қоғамдық кеңес отырысында қабылдады. Бұл сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ғана емес, салынып жатқан жобалардың сапасы мен мерзіміне қатысты шағымдарды да азайтады. Әлеуметтік нысандардың құрылысы, инфрақұрылым секілді мәселелер аманаттықтардың халықпен кездесуінде де жиі көтереледі. Бұл бастамаға жоғарғы курс студенттерін тарту ұсыныс ретінде айтылды.Дмитрий СОМОВ, ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТЫ: Бақылауды күшейту тапсырылды. Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасымен бірлесе отырып мүмкіндікті күшейту керек. Құрылыс нысандардың жұмыс барысын барлық кезеңдерінде тексеруге мүмкіндік берсе. Біз мұны заңнамалық деңгейде бекітуді ұсынамыз.