«Қазақстан – 2024. Реформалар, трендтер, болжамдар». Осындай атаумен "TALQYLAU" диалог алаңының кезекті отырысы өтті. Сарапшылар 2024 жылға жасалған болжамдарды талқылады. Әлемдегі жағдай Қазақстанды айналып өтпейді. Салқынын сезінбес үшін экономиканы дамытуға кедергілермен күресу керектігі айтылды. Мәжіліс депутаты, «AMANAT» фракциясының мүшесі Айдос Сарым жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту мәселесі басты үрдіске айналатынын атап өтті. Сонымен қатар ауылдық округ әкімдерінің және 45 аудан әкімдерін сайлау науқаны осы бағыттағы алғашқы қадамдар саналады деді. Сондай-ақ, депутат қазір жаңа парламенттік мәдениет, жаңа дәстүр қалыптасып жатқанын және ол болашақта өз жемісін беретінін тілге тиек етті. Айдос САРЫМ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, "AMANAT" ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ: "AMANAT" партиясы қажетті заңдарды қабылдауда шешуші рөл атқарады. Жаңа заңдар мәдениетті дамытудың институционалдық базасына айналады. Әрине, көп нәрсе халықпен қаншалықты дұрыс қарым-қатынас орнататынымызға байланысты болмақ.