Павлодар әуежайына сұратылған ақпаратты ұсынбағаны үшін 600 мың теңгеден аса айыппұл салынды. Бүл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде белгілі болды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.Ведомство басшысының орынбасары Қуат Өтеуовтің сөзінше, "Павлодар әуежайы" АҚ-ға қатысты аэровокзал аумағында сауда алаңдарын жалға беруге монополиялық жоғары баға белгілеу бөлігінде үстемдікті асыра сілтеп пайдалану белгілері бойынша тергеу жүргізілген. Тергеу Кәсіпкерлік кодекстің 224-бабы негізінде тоқтатылған. "11 сәуір күні жүргізіліп жатқан тергеу шеңберінде сұратылған ақпаратты ұсынбау фактісі бойынша" Павлодар әуежайы" АҚ 664 560 теңге сомаға әкімшілік жауапкершілікке тартылды", - деді Қуат Өтеуов.