Павлодар қаласы сусыз қалуы мүмкін

Павлодар қаласы сусыз қалуы мүмкін. Шаһардағы су құбырлары түгел дерлік шіріп кеткен. Су арнасының құрал жабдықтары да әбден ескірген. Жағдай бұлай жалғаса берсе, облыс орталығына су беру тоқтап қалуы ғажап емес. Осылай деп дабыл қаққан монополист компания судың тарифін көтеруді ұсынып отыр. Бұған жергілікті тұрғындары мен қоғам белсенділері қарсы. Олардың айтуынша, су арнасы жөндеу жұмыстарына өз қалталарынан ақша шығарғылары келмейді. Тарифті өсіру арқылы шығынды халықтан өндіріп алуды ойлап отыр. Сондықтан, мұндай стратегиялық нысандар мемлекет меншігіне берілуі керек - деп санайды. Нұргүл ҚАЙЫРДЕНОВА, «ӘДІЛДІК ЖОЛЫ» ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ФИЛИАЛ ЖЕТЕКШІСІ: 2017-2023 жылдар аралығында Павлодар водаканалға су желілерін жөндеуге реконструкция жасауға бюджет қаражатынан 19 млрд. жақын ақша бөлінгені бәрімізге белгілі. Бүгінгі күні менің қойып отырған сұрағым егерде бюджет тарапынан осыншама қаражат бөлінетін болса, күн тәртібінде тарифті көтеру мәселесін неге көтеріп отыр деген. Нұрлан НҰРМҰРАТОВ, ОБЛЫСТЫҚ ТАБИҒИ МОНОПОЛИЯЛАРДЫ РЕТТЕУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ: Кейбір тұтынушылар тарифті өзгертудің қажет еместігін атап өтті. Сондықтан да ол ескертулер өз негіздері бойынеша қаралып, бізде шешім қабылдаған кезде ескерілетін болады. Қоғамдық тыңдауда «Павлодар су арнасы» ауыз судың бағасын өсіруді сұрады. Қазір тұрғындар 1 текше метр үшін 58 теңге төлейді. Енді тариф құны өзгерсе, 73 теңге төлеуі керек. Салмақтың бәрі енді бюджеттік мекемелерге түспек. Олар үшін 1 текше метр су- 677 теңге. Жаңа тариф бойынша 847 теңге төлеуге міндеттеледі. Ал тұрмысқа қажетті тіршілік нәрі үшін тұрғындар бұған дейін 18 теңге 25 тиын төлесе, тариф құны өссе, ол 29 теңге болады.

Читать источник astanatv.kz/kz/
World Boxing Астанада әлем чемпионатын өткізетін болды
Бала сатып, ақша алған әйел мектепте сабақ беріп жүр — Қымбат Досжан
Алматыда жүк көлігінде от шығып, жолда салют атылды
Президент 2024-2026 жылдарға арналған бюджетке түзету енгізді
Анасы түрмедегі ұлына телефон кіргізбек болған
Қазақстан полициясы қызметін күшейтілген нұсқаға ауыстырды
Еліміздегі он бірінші хаб Түркістанда ашылды
Елімідегі он бірінші хаб Түркістанда ашылды
14 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы
Бала сатып, ақша алған әйел мектепте сабақ беріп жүр — Қымбат Досжан
Антикор басшысы Ирактың Қазақстандағы уақытша сенімді өкілімен кездесті
14 желтоқсандағы валюта бағамы қандай?
АҚШ долларының бүгінгі бағамы жарияланды
Түркістанда креативті хаб ашылды
Шымкентте екі қабатты кафе өртенді
Теміртауда алты жасар бала мұзға батып кетті
Қарағандыда 12 жастағы өгей қызын зорлаған ер адам 20 жылға сотталды
Тәуелсіздік мерекесіне орай полиция күшейтілген жұмыс режиміне көшті
Ақтауда жүргізуші екі баланың өлімі үшін бас бостандығынан айырылды: 14 желтоқсан 2024, 11:28 - жаңалықтар Tengrinews.kz
Шорт-тректен Қазақстан құрамасы World Tour турнирінің жартылай финалына шықты
Балаға гаджеттерді қанша жастан бастап беруге болады?
Алматыда әлеуметтік желіде елімізді танытып, ұлтық мұраны ұлықтағандар марапатталды
Бүгін елімізде ауа райы қандай болады
10 жыл бойы іздеуде жүрген күдікті ұсталды