Павлодар облысы Ақтоғай ауданында үш бірдей ауыл халқы мал жаятын жер таппай отыр

Павлодар облысының Ақтоғай ауданында үш бірдей ауылдың халқы мал жаятын жер таппай отыр. Айтуларынша, жайылым жерді аудандағы ықпалды кәсіпкер алып қойған. Ал қолында құжаты бар шаруа мал бағып жүрген жерінің қалай өзгеге өтіп кеткенін түсінбейді. Тараптарды әріптесім Өзгеріс Қуанар тыңдады. Әтейхан Доға осыдан 16 жыл бұрын 1 мың гектар жер алған. Ауданда жер жетпегендіктен, ол жерге өзге ауылдастары да төрт түлігін өргізген. Алайда, бір-ақ, күнде жердің жаңа қожайыны пайда болып, жайылым жерді жыртып тастапты. Әтейхан ДОҒАЛ, АҚТОҒАЙ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Сонда маған 100 гектар да жер қалған жоқ. Сонда құжатты қалай жасап бергенін білмеймін. Мынау заңды құжат деп жазып қолыма берген. 49 жыл деп. Әкімнің қолы бәрі жазылған. Қарапайым халық зардап шегіп тұр. Жерімді бірақ жыртып тастады. Жерді жалға алған кәсіпкер тұрғындарды бұл маңға жолатпай қойған. Енді жұрт азын аулақ малын қайда апарып бағарын білмей отыр. Мейрам ИМАШЕВ, МҮТКЕНОВ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:  Жем болса қымбат, шөп болса қымбат. Малымызды күзде семіртіп алайық десек оған да мүмкіндік беріп жатқан жоқ. Бақыт СӘМЕК, АҚТОҒАЙ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Егінге барса, штраф. Жолға шықса, штраф. Енді қайда барып күн көреді мына қарапайым халық. Қиын болып тұр. Көбі қазір қорада ұстап отыр малын. Аудан әкімі 1200 гектар жердің кәсіпкерге заңды түрде берілгенін айтады. Қаршыға АРЫНОВ, АҚТОҒАЙ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ: Осы жер аукцион арқылы заң бойынша алды біздің қожайын Филипин Анатолий Владимирович. 3800 гектар иә. Мен қазір ойлаймын, осы жерде спор бар. Заң бойынша шешім болады. Биыл қуаңшылықтан өңірде мал бағу қиындап кетті. Бұл шаруаларға жығылған үстіне жұдырық болып тұр.«Жер аманаты» жобасы бойынша өңірде 167 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Ұшақ апатының салдарын жоюға қатысушылар мемлекеттік наградалармен марапатталды
Қазақ футболы үшін өткен жыл несімен есте қалды?
3 мегаполисте және 16 өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды
Қазақстан тағы бір елмен визасыз режим енгізбек
3 мегаполисте және 16 өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды
Тойға шықпайтын әнші – кедей әнші. Оның ішінде мен де бармын – Роза Рымбаева
Астанада жеке тұрғын үйлердің бірінен өрт шықты
Ұшақ апатының салдарын жоюға қатысушылар мемлекеттік наградалармен марапатталды
Алматылық жүргізуші Желіде жол ережесін бұзған видеоларымен мақтанған
Қазақстан құрамасы семсерлесуден әлем кубогында қола медальға ие болды
Әнші Ерке Есмахан күйеуі Райм сыйлаған қымбат әшекейлерін көрсетті
Шымкентте есірткі жеткізумен айналысқан екі студент ұсталды
2025 жылы әлеуметтік-еңбек саласына арналған бюджет шығыстары 14 %-ға өсті
Шымкентте есірткі өткізумен айналысқан екі студент ұсталды
Отгонцэцэг Галбадрах Монғолия азаматтығын алуға өтініш берді
Елімізде жеке куәлік жасату құны өзгерді
Қазақстан СІМ-де Түркі инвестициялық қорымен ынтымақтастық мәселелері талқыланды
Астанадан бір күнде 3 мыңға жуық рейспен қар шығарылды
Ертең Алматыдағы ботаникалық бақ жұмыс істемейді
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі: Энергия тиімділігі картасы аясында бір жылда 31 жоба енгізілді
Түркістан облысына жаңа әкім тағайындалады
Қостанайда 20 жыл көріспеген әкесі мен қызы табысты
Қазақстан құрамасы шпагамен семсерлесуден әлем кубогы кезеңінде күміс медаль алды
Қазақстан тағы бір елмен визасыз режим енгізеді