Павлодар облысында 100 орынға лайықталған мектеп пайдалануға берілді. Заманауи білім ошағында балалардың ілім алуына барлық жағдай жасалған. Мектеп бар жоғы 4 ай ішінде бой көтерді. Бұған қазынадан 750 млн. теңге бөлінген. Осыдан 60 жыл бұрын салынған білім ордасы апатты деп танылған болатын. Алайда, 10 жылдан астам уақыт балалар қауіпті нысанда білім алып келді. Қазір мұнда 44 оқушы бар. Өңірде 3 бірдей апатты мектеп бар. Соның бірі - осы Моисеевка ауылындағы оқу ордасы. Ал қазан айының соңында Баянауыл мен Павлодар аудандарында ескі мектептің орнына жаңа нысан ашылмақ. Тәнзила УАЛИТОВА, МОИСЕЕВКА АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Осы Мойсеевка ауылына көшіп келгенімізге 10 жыл болды сол кезде айтқан жаңа мектепке барады деп. Бірақ, олар жаңа мектепке барған жоқ бірінші кластан бастап. Енді міне, 10 жылдан кейін салынды. Осы мектепті 10 жыл күттік.