Биыл Павлодар облысына "Дипломмен ауылға" мемлекеттік бағдарламасы бойынша 310 жас маман келген. Оның 191-і мұғалім, 119-ы дәрігер. Еңбек күніне орай "AMANAT" партиясы облыстық филиалының алаңында жастарды жаңа ортаға бейімдеу және қолдау көрсету мақсатында кездесу ұйымдастырылды. Шараға білім беру және денсаулық сақтау ұйымдарының басшылары мен кәсіподақ өкілдері қатысты. Бексұлтан Кәкен — мұғалім. Биыл ғана оқуын бітіріп, "Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша Май ауданына жұмысқа орналасқан. Ол бала кезден ұстаз болуды қалаған. Өйткені, ауылдағы балаларды біліммен сусындату оның басты арманы болыпты. Бексұлтан КӘКЕН, МҰҒАЛІМ: Мен біраз уақыт қалада оқыдым. Одан кейін ауылға бардым. Ауылдағы балалардың білім деңгейін көрген соң, ішім ашыды. Содан кейін мұғалімдікті физика мамандығын таңдадым. Ауыл балаларының қала балаларынан 4-5 жылға қалғанын көрдім да артта. Сол себепті өзім таңдап ішкі мотивация арқылы сондай бір шешімге келдім. Айгүл МӘЛІКОВА, "AMANAT" ПАРТИЯСЫ ПАВЛОДАР ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ АТҚАРУШЫ ХАТШЫСЫ: Ең басты мақсат сайлауалды жол картасы бар. Сол картада кадрлық мәселе өте өзекті. Осы кадрлар ауылда болсын қалада болсын қалай орналасқанын оларға қандай мүмкіншілік жасалуда біздің ең басты мақсатымыз. https://youtu.be/f6Y7N2fVujM