12 күн бұрын жоғалып кеткен екі баланың анасы, Павлодар облысының 26 жастағы тұрғыны табылды. Бұл туралы VITA тергеу отряды Instagram-парақшасында айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.Баршаңызға рақмет! Полиция қызметкерлері тапты, аман, – дейді еріктілер. Еске салсақ, Диана Сагинтаева 8 қаңтарда Қызылжар ауылындағы үйінен шығып, Павлодардағы жұмысына кеткен. Алайда жұмысқа да сол күні бармаған. Ұялы телефоны сөндірулі болған. Диана тұрмыста, кәмелетке толмаған екі баласы бар.