Павлодар облысында 100-ден астам қойды белгісіз жыртқыш қырып кетті

Павлодар облысында 100-ден астам мал қырылып қалды. Тұрғындардың айтуынша, қойға қасқыр шапқан. Қорадағы түлікті тамақтан бауыздап, ішек қарнын жарып кетіпті. Амалы таусылған тұрғындар енді кімнен көмек сұрарын білмей дал болып отыр. Мәселенің мән-жайын осы ауылға барып келген тілшіміз Өзгеріс Қуанар сабақтасын.Бірнеше күннен бері жүздей мал бас малды қырып кетті екі рет келіп шабуыл жасады. Қасқыр ма, ит па, атып берсе, жоғалтып берсе деген тілегеміз бар. Оқиға Ақсу қаласына қарасты Үштерек ауылында болған. Түнде қорадағы қой, ешкіге белгісіз жыртқыштар шауыпты. Әзірге оның не қасқыр не ит екені белгісіз. Қамидолда ҚОЙТАНҰЛЫ, ҮШТЕРЕК АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Түнгі сағат он екіде тұрып қарағанда дін аман болатын. Одан кейін көзім ілініп кеткен екен. Ояна келсем төрт екен. Шығып араласам, талқандап баяғыда етіп қалыпты. Енді бұл не ит екенін не қасқыр екенін білмейміз. Мақсатхан ЖЕКЕБАЙ, ҮШТЕРЕК АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Адамдардың күн көріп отырғаны осы екі-үш малы ғана ғой. Енді малын екі үші күн сайын қыра беретін болса, қандай жағдай туындайды. Өзі қазір заман қиын. Әлеуметтік жағдай деген төмендеп жатыр. Ауыл жерде жұмыс шаруа жоқ. Өлтірген малдың өтемақысын халыққа азын аулақ болса да көмегін жасау керек. Тұрғындардың айтуынша, ит құстың малға шабуы бірінші рет емес. Бұдан 10 күн бұрында ауылдағы 35 қойды қырып кеткен. Ауыл халқы белгісіз жыртқыш енді адамдарға шаба ма - деп қорқады. Сайран ИЗЕК, ҮШТЕРЕК АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Малымызды қойып адамымызға шабатындай халге жеттік. Адамымыз қырылғанша қарап отырамыз ба? Әкімшілікке де айтып жатырмыз. Қанша рет айғайлап жатырмыз. Ешкім нетпейді. Қорасындағы қойынан айырылған ағайын енді не істерін білмей отыр. Мират ТИҚАНОВ, АҚСУ ҚАЛАЛЫҚ ВЕТЕРИНАРИЯ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ: Мынау нақты қаңғыбас иттер ме, немесе келген қасқыр ма, біз ол жағын білмейміз. Қазір кісілермен учаскелік полициямен анықтап, сосын айтамы аламыз. Өлген малдан сынама алынып, сараптамаға жіберілді. Ал иелеріне өтемақы төлеу жағы әзірге белгісіз. Ауыл халқы жыртқыш ит құс қайта шаппас үшін, тез арада шара қолдануын сұрайды.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Олимпиадалық іріктеу: Қазақстан әйелдер құрамасы Исландиямен ойнайды
ҒЫЛЫМ – МӘҢГІЛІК МҰРА
Қазақстан құрамасына ӘЧ-2026 іріктеу кезеңі қарсаңында жақсы жаңалық келді
Доллардың бүгінгі бағамы
 Талғар қаласының әкімі лауазымына үш үміткер таласып жатыр
Еркін елдің арманы асқақ, қадамы нық болады
Бостандық – елдің жүрегі, тәуелсіздік – сол жүректің лүпілі
Егемендік – халықтың ең қасиетті арманының орындалуы
ABC News жала жапқаны үшін Трампқа $15 млн төлейді
Алматылық оқушылар Тәуелсіздік күнін шыңда атап өтті
Қарулы күштердің әскери қызметшісі Мәскеуден жеңіспен оралды
Алматыдағы әскери институтта Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиын өтті
ДСМ биыл алғаш рет «Кәсібінің үздігі» республикалық конкурсын өткізді
ТЖМ құтқарушылары - ММА бойынша әлем чемпиондары
Алматыда XII Халықаралық «Бастау» кинофестивалі мәресіне жетті
Екібастұздық зейнеткер ауруханада 13 миллион теңгесінен қағылды
Грузияда мейрамхананың 12 қызметкері өлі табылды
Талғар қаласында әкім сайлауы өтіп жатыр
«Елімнің бақытын тербеген Тәуелсіздік»
Теміртауда алты жасар бала мұзға батып кетті
Ұлттық ұланның үздік әдіскерлері анықталды
Екібастұзда зейнеткер ауруханаға түсіп, 13 миллион теңге ақшасынан айырылды
2025 жылы Қазақстан халқын қандай оқиғалар күтіп тұр? Астролог болжамы
ҒЫЛЫМ – МӘҢГІЛІК МҰРА