Павлодар облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты 117 ауыл жарықсыз қалды, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.11 қаңтарға қараған түні өңірдегі 117 ауылда электр қуаты өшкен. Бүгін сағат 15:00-дегі жағдай бойынша 101 ауылға (8 543 абонент) жарық берілді. 16 ауылда (930 абонент) электр энергиясын беру үшін жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр, - деп жазылған хабарламада. Облыста 65 бригада тұрғындарға жарықты уақытында беру үшін күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. Айта кетейік, Павлодар, Ақтоғай, Баянауыл, Ертіс және Аққулы, Ақсу аудандарындағы кейбір ауылдар жарықсыз отыр.