Павлодар облысында 20-дан астам тұрғын үй су астында қалды. Қазір төтенше жағдай мамандары баспаналардағы суды тазартып жатыр. Алайда, бір уақытта барлығына бірдей үлгерер емес. Тұрғындар үйлеріміз құлап кете ме деп алаңдаулы.Бұл Қаршыға Баймановтың үйі. Іші суға толып, құлағалы тұр. Баспанасы жарамсыз болып қалған. Қаршыға БАЙМАНОВ, ЖАЛАУЛЫ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Мал да, жанда далада қалды деген осы ғой. Міне, қараңыздар дымға жарамай қалды. Үй құлауға жақын. Сол бала шағымызбен ана үй мына үйді ағайын туысымызды паналап жүрміз. Мынаның бәрі жарылып кетті. Жерге кіріп жатыр. Павлодар облысында тасқын судан Жалаулы ауылы қатты зардап шекті. Елді-мекендегі 15-ге тарта үй су астында қалған. Қазір құтқарушылар баспаналардағы суды сорғызып жатыр. Олег ТРЕЩЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ТЖД БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Қазір су тасқыны жағдайы солтүстік аумақтарға қарай жылжыды. Сілеті өзенін мол су мөлшері келетіні байқалады. Қазір соған дайындалудамыз. Сондай-ақ, 10 үйден су сорғызылып жатыр. Бар мүмкіндігімізше жағдайды бақылауға алдық. Успен ауылының тұрғыны Әзима Арынованың да үйін су алып кетті. Баспанадағы дүние мүлік жарамсыз болып қалған. Бұл үйді ол осыдан 5 жыл бұрын несиеге сатып алыпты. Әзима АРЫНОВА, УСПЕН АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Барлық техника жиһаз бәрі техника жарамсыз десек болады. Су ағыны келгенде үлгергеніміз осы ғана болды. Бәрі судың астында қалды. Сымдар бәрі суда тұр. Тасқыннан келген шығынды комиссия анықтамақ. Қазір су басқан үйлерді есепке алу жұмысы жүргізіліп жатыр. Медет ШОҚАНОВ, УСПЕН АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ: Арнайы комиссия құрылды. Келтірілген зардапқа сараптама жүргізіп, шығынды есептейді. 1 үй қатты зардап шекті. Бұл сұрақ бақылауда тұр. 30 шақты мамандандырылған техника мен 50 адам жұмылдырылды. Павлодар облысында тасқыннан 20-дан астам баспананы су басқан. Жергілікті атқарушы органдар бұл үйлерді сараптап, қажетті көмек көрсетілетінін жеткізді.