Павлодар облысында 3 бірдей ауыл мал жаятын жер таппай отыр

Павлодарда 3 ауыл мал жаятын жер таппай отыр. Айтуларынша, шенді-шекпенділер елдімекендердің жайылым жерін жекеге сатып жіберген. Салдарынан бұқара төрт түлігін қайда апарып бағарын білмей отыр. Ал тұрғындар жерді сатқан жауапты тұлғалар жауапқа тартылсын деп талап қойды. Мәселенің мән-жайын тілшіміз біліп келді.Ақсу қаласына қарасты Жолқұдық, Қаракөл және Ребровка ауылының тұрғындары жайылым жерді қайтаруды талап етуде. Айуларынша, жергілікті шенділер ауылдың жайылымдық жерін жекеге сатып жіберген. Ерсін АХМЕТОВ, РЕБРОВКА АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Мал бағатын жеріміз қалмады. Бірен- сараң жеріміз бар еді. Оның өзін тартып алып жатыр. Халықтың қамын ойлайтын біреу бар ма? Жоқ па? Біздің мал бағатын жерімізді қайтарып берсін! Бұдан бөлек тұрғындар осы іске жауапты лауазымды шенеуніктердің де жауапқа тартылуын сұрауда. Өйткені, атқамінерлер халықтан рұқсат алмастан, ауыл іргесіндегі жерді сүт фермасын салатын кәсіпкерге бере салған. Тексеру жүргізген құзырлы органдар 3 бірдей жер телімі заңсыз берілгенін анықтады. Алайда Ақсу қаласының әкімдігі жерді қайтарудан бас тартқан. Нұрлан ДҮЙСЕНБИНОВ, АҚСУ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ: Біз бүкіл жер телімдеріне түгендеу жасаймыз. Жер бөлімінің басшылары көп ауысқан. Жарты жыл істейді. Бір жыл істейді, кішкене істейді. Бізде кемшіліктер көп болған. Шенділердің бұл әрекетіне қатысты прокуратура тексеру бастады. Ержан ҚАРЫМСАҚОВ, ОБЛЫС БОЙЫНША МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ ЖӨНІНДЕГІ ДЕПАРТАМЕНТ БАСШЫСЫ: Тексеру жүргізу керек деп есептеймін. Ақсудың жер қатынастары бөліміне қатысты шағым көп. Бірнеше факті бар. Өздері жеңіліп қалатындарын біле тұрып соттасады. Сондықтан кешенді тексеру қажет. Сүт фермасы салынып жер теліміне қатысты дауға соңғы нүктені сот қояды. Қазір бұл іс Жоғары сотта қаралып жатыр.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Есте сақтау қабілетін жақсартатын ең оңай тәсіл белгілі болды
Бірнеше облыста көлік қозғалысына шектеу қойылды
Ауыр атлетика: Әлем чемпионаты қалай өтті?
Қан тамырлар саулығы: рационға қосу керек топ-8 өнім
2025 жыл қандай болмақ?
Алматыда «баррамунди» экзотикалық балық түрі өсіріледі
Құрмамен бірге жеуге болмайтын өнімдер аталды
“Қанды желтоқсанның сызы әлі байқалады”: желтоқсан оқиғасына қатысқандар не дейді?
Өскеменде бір ай бұрын жоғалған 19 жастағы қыздың денесі табылды
Бірнеше облыста көлік қозғалысына шектеу қойылды
Астанада Бибігүл Төлегенованың 95 жасқа толуына орай салтанатты концерт өтті
Есте сақтау қабілетін жақсартатын ең оңай тәсіл белгілі болды
Ауыл шаруашылығы вице-министрі Алматы облысына барды
«Көзімнің тірісінде күйеуге шыққанын көргім келеді»: Мақпал Жүнісова арманын айтты
Алматыға жақын маңда жер сілкінді
ММА-дан әлем чемпионаты: Ақтөбелік полицей финалда техникалық нокаутпен жеңіске жетті
Алматыдан 88 шақырым аумақта жер сілкінді
Алматы маңында жер сілкінді
Алматыдан 88 шақырым жерде жер сілкінді
Ер адамдар неге көзге шөп салады? Психолог жауабы
Қазақстан құрамасы шайбалы хоккейден Олимпиадаға іріктеу кезеңін жеңіспен аяқтады
Ақмола облысында тұрғын үй өртенді
Көктөбеде мерекелік рух асқақтап тұр
Бақыт Сәрсекбаев: "Олимпиаданы жеңгенде өзбектер қатты өкінді"