Павлодар облысында 50-ге жуық жылқының өлексесі табылды

Максимов ауылындағы келеңсіз оқиға жөнінде ақпарат облыстық Ветеринария басқармасына осыдан үш күн бұрын түскен. Мал дәрігерлері алынған сынамаларды зертханалық сараптамаға жіберді, – деп хабарлайды «Хабар24» арнасы.Максимов ауылына асығыс аттанған ветеринарлар 27 жылқының өлексесін тапқан. Малдың іші кеуіп, ісініп кеткен. Іш өту белгілері де байқалған. «Материалдар облыстық зертханаға жіберілді. Малда асқазан-ішек жолдарының толып кеткені байқалады. Бізде ағзаның әлдебір нәрседен улануы мүмкін деген күдік бар. Жануарлар дірілдеп жүре алмайды», – деді облыстың бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторы Рашид Нұрбеков. Мал дәрігерлері алдын ала улану диагнозын қойып отыр. Бұған негіз бар дейді олар. Өйткені 400-ге тарта ауыл жылқысы қарабидай алқабында жайылған. Биыл қуаңшылық салдарынан егін шықпай қалды. Қырда шөп жоқ. Сондықтан есептен шығарылған алқаптарға мал жаюға рұқсат берілген. Ал серіктестік өкілдері жер өңдеуге химиялық тыңайтқыштар қолданбадық деп отыр. «Бұрын қарабидай егетін алқаптар алыс болды. Жылқылар ол жаққа жете алмайтын. Қарабидайға түсіп отырғаны бірінші рет. Енді зертханалық сараптаманың нәтижесін күтеміз. Жылқылардың уланғанын немесе басқа ауруға шалдыққанын зертханалық талдаулар көрсетеді. Қазір мал жайылып жүрген жерлер пестицид, химиялық заттармен өңделмеген», – дейді шаруа қожалығының өкілі Андрей Божок. Мамандардың айтуынша, жылқылардың ветеринариялық ілеспе құжаттары да тексерілді. Жамандат, постереллезге қарсы вакцинация толық жүргізілді. «Біз жылқылардың нақты неден қырылғанын білмейміз. Сондықтан инфекция таралмас үшін ұзын ор қазып, өлекселердің бәрін бір жерге жинап, жанармай құйып өртедік. Қалдығын көміп тастадық. Өйткені басқа жолмен жоюға мүмкіндігіміз жоқ»,– деді ветеринарлық фельдшер Әмір Әбілғазинов. Бүгін 47 бас жылқының өлгені расталды. Олардың басым бөлігі жекеменшікке тиесілі. Аман қалған жануарлар ветеринарлық бақылауға алынды. Күніне екі рет жануарлардың дене қызуы өлшенеді. Малдың өрісін ауыстыруға шешім қабылданды.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Астанадан 1 миллион текше метрден астам қар шығарылды
Қарағанды облысындағы тасжолдың бір бөлігі ауа райына байланысты жабылды
Ұйықтар алдында мандарин жеуге бола ма?
Биыл қазақстандықтар МӘМС есебінен 1 млннан астам қымбат зерттеулерден өтті
Соғым FEST: Астанада өткен жәрмеңкеде фермерлер 100 тоннадан аса ет ұсынды
Батыс Қазақстан облысында жаңа дәрігерлік амбулатория ашылды
“Сахнаға шығартпады“. Сырым Исабаевтың Қайрат Нұртаспен сыйыспай қалғаны рас па?
Фастфуд емес: ағзаның қартаюын тездететін тағамдар аталды
«Кабирханның інісі»: Дубайда өткен жарыста қазақ сәйгүлігі бірінші келді (ВИДЕО)
Абай облысында екі ауылдың 28 отбасы қоныс тойын тойлады
“Аса қауіпті“. Қандай адамдарға моншаға баруға болмайды?
Ішімдікке сылқия тойып алған жас жігіт көлік ұрлап, жол апатын жасады
Теміртау маңында 700-ден астам көлік жолда қалып қойды
Ұйықтар алдында мандарин жеуге бола ма?
Қатты желден жүк көлігінің тіркемесі аударылып кетті
Астанадан 1 миллион текше метрден астам қар шығарылды
Жүрек ауруына әкеп соғады: жатын бөлмедегі жарық несімен қауіпті?
Алаш қозғалысының тарихына қатысты архив материалдарының жинағы жарық көрді
Жаяу бұрқасын, көктайғақ болады: 15 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы
Астанада кезекті жайлы мектеп пайдалануға берілді
ТЖМ құтқарушылары Жамбыл облысындағы өртті сөндірді
«Қыз үшін»: Париж Олимпиадасына қатысқан қазақ спортшысын сабап кеткен
Абай облысындағы тасжолда қатты жел жүк көлігінің тіркемесін аударып жіберді
Қарағанды облысындағы тасжолдың бір бөлігі ауа райына байланысты жабылды