Павлодар облысында әкімдік ауылдың жайылымдық жерін жеке кәсіпкерге беріп жіберген

Павлодар облысында ауыл тұрғындары елдімекен жанынан сүт фермасын салуға қарсы. Айтуларынша, кәсіпкер 2 ауылдың жайылымдық жерін алып қойған. Салдарынан Ақсу қаласына қарасты Қаракөл және Ребровка елдімекендерінің тұрғындары төрт түлігін жаятын жер таппай отыр. Мәселенің мән-жайын тілшіміз біліп келді.Ақсу қаласының әкімдігі ауылдың жайылымдық жерін жеке кәсіпкерге беріп жіберген. Салдарынан Қаракөл және Ребровка ауылдарының халқы мал жаятын жер таппай отыр. Ал кәсіпкер ол жерге сүт фермасын салмақ. Сағындық ЖЕТПІСОВ, РЕБРОВКА АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Жолдың ар жағына біз мал бағатынбыз, мен емес бүкіл ауыл. Енді мына Рубиком келіп былтыр бастады стройкасын жайлауды алып қойды. Қазір бізде мал жаятын жер жоқ. Ал Қаракөл ауылының тұрғындары төрт түлігін жайлауға апара алмай әлек. Себебі, жерді алған кәсіпкер айналаны түгел жыртып, қазып тастаған. Амалы таусылған бұқара енді кімге шағымданарын білмей дал. Ермек ЖӘКЕТАЕВ, ҚАРАКӨЛ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Біздің жайлауымыз бар 10 шақырым жерде. Енді ол жайлауға өту үшін мұнда бізде перегон деген знак тұр, осы жерден жылда біз өтіп жүретін едік. Қазір енді біз өз жайлауымызға да өте алмайтын болдық. Міне көрдіңіз бе? Мына жердің бәрін қазып ой қылдырып жіберді. Ауыл маңындағы 2400 гектардан астам жайылым жер осыдан 5 жыл жеке меншікке берілген. Бірақ содан бері жер пайдаланылмай бос жатқан. Тексеру жүргізген құзырлы органдар бірқатар былықтың бетін ашты. Аманкелді РҮСТЕМОВ, АЛҒАБАС АУЫЛЫНЫҢ ӘКІМІ: Халықтың өтініші бойынша жер бақылау инспекциясы тексеріс жүргізді. Сол тексерістің қорытындысы бойынша бір участок осы «Кронос-Павлодарға» берілген участок заңсыз берілген деп танылды. Қазір даулы жердің мәселесі сотта қаралып жатыр. Алайда кәсіпкер құрылыс жұмыстарын тоқтатпаған. Оксана КОНДРАТЬЕВА, «КРОНОС-ПАВЛОДАР» ЖШС ЗАҢГЕРІ: Сот ісі жүріп жатқанда жұмыстарды тоқтату жөнінде ешқандай жазбаша ескерту түскен жоқ. Олар бізге заңнамаға сүйеніп ескертуі керек. Қолданыстағы заң бойынша құрылыс жұмыстары сот процесіне кедергі келтірмейді. Өзгеріс ҚУАНАР, ТІЛШІ: Бір қызығы, осы дауға қатысты екі бірдей мемлекеттік орган бір-бірімен соттасып жатыр. Ақсу қаласының жер қатынастары бөлімі облыстық жер ресурстарын басқару департаментінің заңсыз берілді деген ұйғарымымен келіспейді. Енді істің ақ қарасын сот анықтамақ.

Читать источник astanatv.kz/kz/
ТЖМ құтқарушылары Жамбыл облысындағы өртті сөндірді
Қарағанды облысындағы тасжолдың бір бөлігі ауа райына байланысты жабылды
Дәрі-дәрмек емдей ме?
Жүрек ауруына әкеп соғады: жатын бөлмедегі жарық несімен қауіпті?
Алаш қозғалысының тарихына қатысты архив материалдарының жинағы жарық көрді
Жаяу бұрқасын, көктайғақ болады: 15 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы
ТЖМ құтқарушылары Жамбыл облысындағы өртті сөндірді
«Қыз үшін»: Париж Олимпиадасына қатысқан қазақ спортшысын сабап кеткен
Абай облысындағы тасжолда қатты жел жүк көлігінің тіркемесін аударып жіберді
Қарағанды облысындағы тасжолдың бір бөлігі ауа райына байланысты жабылды
«Басына тигені жақсы»: Гүлзира Айдарбекова үйінен айырылған Жұлдыз туралы сын айтқандарға жауап берді
Павлодар облысындағы алтын кеніште ер адам қаза тапты
Тәжікстанға 1 млн тоннадан астам астық экспортталды
Дәрі-дәрмек емдей ме?
Қарағанды мен Павлодар облыстарының кейбір бөліктерінде жол қозғалысы шектелді
Астанада кезекті жайлы мектеп ашылды
Парламент президентке импичмент жариялады
Футбол алаңынан саясат алаңына
Ақтөбе облысындағы жол апатынан 8 адам көз жұмды: жүргізуші кінәсін мойындады
«Өлсем, бәрі жеңілдейтін сияқты»: Енесі мен күйеуінен шаршаған танымал блогер мерт болды
Ауа райына байланысты Қарағанды, Павлодар облыстарында жол жабылды
Астана Орталық Азияда бірінші болып тұрақты дамудың халықаралық сертификатын алды
Павлодардағы «Майқайыңалтын» шахтасында жұмысшы қаза болды
Батыс Қазақстанда жаңа заманауи мектеп қолданысқа берілді