Павлодар облысында әкімнен сыйлыққа бір бөтелке арақ алған тұрғын әйелінен айырылып қалды

Павлодар облысындағы ауылдық округтің әкімі тұрғынға бір бөтелке арақ сыйлағаны үшін жауапқа тартылды. Ер адам ішімдік ішкен соң масайып, үйін өртеп жіберген. Өрттің салдарынан ер адамның әйелі көз жұмды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.Павлодар облысының прокуратурасы ауылдық округ әкімі Жеңіс күні тұрғынға азық-түлік пакетін бергенін, соның ішінде жарты литрлік арақ болғанын айтты. Ер адам күшті алкогольдік ішімдік ішкеннен кейін өрт шығарған. Оның әйелі өрттен қайтыс болды."Әкімнің жасаған әрекеттері жалпы қабылданған моральдық нормаларға қайшы келіп, қатаң сөгіс алды", – деді қадағалау органы.Павлодар ауданы прокурорының орынбасары Нұрлан Опабеков қызметкерлердің өртке қатысты тексеру материалдарын зерделегенін түсіндірді. Тергеу кезінде ер адам өзі әкім берген арақты ішкенін айтты. Шенеунік оны жоққа шығарған жоқ. Ол арам ниетсіз, құрамында алкоголь бар азық-түлік пакетін ұсынғанын айтып, ағынан жарылды. Содан кейін прокурорлар тәртіптік іс қозғау туралы қаулы шығарып, оны аудан әкімінің қарауына жолдады. Соңғысы қарамағындағы қызметкеріне қатаң сөгіс жариялауды ұйғарды.Облыстағы төтенше жағдайлар қызметінің мәліметінше, өрт Набережное ауылында 9 мамыр күні сағат 19.13-те басталған. Екі бөлмелі үй барлық затымен, жиһазымен жанып кетті. Өрт сөндірушілер үйге жеткенше газ баллоны жарылып, өрт сөндірушілер екіншісін шығарып үлгерген. Өртті сөндіру кезінде олар 1974 жылы туған әйелдің денесін тапты.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Астанада Қазақстан туризмінің болашағы талқыланды
Футзалдан Қазақстан кубогының топтық кезеңіндегі 2-тур ойындары өтті
Семей қаласындағы жағдай: мұғалімдердің заңсыз жұмысқа тартылуы тексерілді
«Халықтың экологиялық мәдениетін дамыту тұжырымдамасы» бекітілді 
ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ: Алматы қаласы үшін тұрақты көлік қаңқасын қалыптастыру
Минскіде Қазақстан мен Беларусь Бас штабтарының басшылары кездесті
Жасыл технологиялар – болашақтың негізі
Елімізде 70 жыл бұрынғы температура рекорды жаңарды
Депутат: Аспанның құдайы - Air Astana
Отау құрудан Алматы көш басында
Жұмыс орнында қызметкерлердің орындықпен қамтамасыз етілуі заңмен қадағаланады
Денсаулық сақтау министрі Алматы жұртшылығымен кездесті
«Бурабай» емдеу-сауықтыру кешені еліміздегі үздік 20 кәсіпорынның қатарына енді
Криштиану Роналду ислам дінін қабылдады ма?
Апаттар медицинасы орталығы: Биыл 3 мыңнан астам адам құтқарылды
Биыл су қоймалары 75 миллиард текше метр су жинады
Ресейден ірі алаяқтыққа күдікті әйел экстрадицияланды
Тағы бір ел Tik Tok желісін пайдалануға тыйым салды
Тауға бармай тұра тұрыңыз
Алматыда «Добрая крышечка» экоакциясына қатысушылар марапатталды
Алматы метросында ұялы байланыс және интернет қолжетімді болды
Пневмонияға шалдыққан науқастар қатары көбеюде
Арбатта Жаңа жылға арналған ақжарма тілектер пайда болды
«Таза Қазақстан» экология болашағы үшін миллиондарды біріктірді