Павлодар облысында ауыл шаруашылығын дамытуға 160-тан астам шағын несие бөлінеді

Ертіс өңірінде ауыл шаруашылығын дамытуға жастарға жалпы сомасы 820 млн теңге болатын 164 шағын несие бөлінеді, деп хабарлайды.Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Альмира Дисюпованың айтуынша, кәсіппен айналысамын деушілерге бірнеше бағыт бойынша мемлекеттік қолдау қарастырылған. «Бастау бизнес» жобасы бойынша оқыту курстарынан өтіп, жеке ісін бастау. Бүгінгі күні жоба аясында екі мыңнан астам азамат білімдерін молайтты. Оқу курсы қайтарымсыз грант алудағы негізгі талаптардың қатарында. Болашақ кәсіпкерлер қайтарымсыз грант алу құқығына да ие. Үстіміздегі жылы әлеуметтік әлжуаз топтарға жататын азаматтарға 400-ден астам грант бөлу жоспарланған. Сараптама көрсеткендей, қолдаудың бұл түру ауылдық жерде тұратын азаматтар арасында жоғары сұранысқа ие. Жеке ісін дөңгелеткісі келетін тұрғындар ауыл шаруашылығы саласын таңдайды. Ал қалалық жерде қызмет көрсету саласы қарқын алады. Жас кәсіпкерлер де назардан тыс емес. Ауыл шаруашылығымен айналысамын дегендерге жеті жылға дейін несие үлестіріледі. Өткен жылы 172 адам кәсіпкер атанды, - дейді басқарма басшысы. Мамандардың айтуынша, шағын несиелер ірі және ұсақ қара мал өсіру үшін алынады. Мал шаруашылығын таңдаған тұрғындар несиені жеті жылдық мерзімге едйін алу мүмкіндігіне ие. Қалаларда тұратын азаматтар қоғамдық тамақтану, баспа ісі, компьютерлік клуб, дүкен ашу, көлік жөндеу қызметтерін ұсыну салаларына басымдық беруде. Айта кетейік, былтыр мемлекеттік қолдаудың көмегімен жеке ісін ашқысы келетін азаматтарға 464 грант үлестірілген. Кәсіпкерлердің 93-і – мүмкіндігі шектеулі жандар.

Читать источник astanatv.kz/kz/
АЭС құрылысы: жақтайсыз ба, даттайсыз ба?
Заманбек Нұрқаділовтің бірінші жары өмірден өтті
Қостанайда мектеп пен тұрғын үйлер жылусыз қалды
Үкіметте астықты терең өңдеу бойынша жобалар талқыланды
Алматының Сайран жағалауындағы жаңа қоғамдық кеңістік 2025 жылы ашылады
Еліміздің валюталық және алтын-валюта резервінің көлемі 100 млрд доллардан асты
Қазақстанда жерді адал пайдаланушыларды анықтау үшін құқықтық негіз жасалады
Алматы мектептері “Көкөніс айын” өткізуде
Түркия түлектері Алматыда бас қосты
Елімізде лицензиясыз қызмет еткен 58 мектеп анықталды
Алматыда пәтерді жалға берушілер жауапқа тартылды
Қазақстанның Сыртқы істер министрі Хорватияға алғашқы ресми сапармен келді
Қазақстан туберкулезді жою ісінде ДДҰ-ның үздік практикалар орталығы болуға дайын
Қазақстан полицейлері шағын футболдан Нидерландыда өткен халықаралық турнирде жеңіске жетті
Алматыда құрылыс нысанына айыппұл салынды
Алматыда жаңа деңгейдегі қауіпсіздік жүйесі іске қосылды
Заманбек Нұрқаділовтің бірінші жары өмірден өтті
Алматыда түнгі қарақшылар ұсталды
Премьер-министр Украина төңірегіндегі жағдайға байланысты шұғыл жиын өткізді
Алматыда қауіпсіздік шаралары күшейтілді
Астанада ер адам полицейді соққыға жыққан
Ұлттық банк жаңа коллекциялық монеталарды шығарды
Алматыда 1972 жылы салынған газ құбыры жаңартылуда
«Қазақстан барысында» жеңімпаз атанған балуанға белгілі меценат автокөлік сыйлады