Павлодар облысында батып кеткен капитанның денесі табылды

Ер адам суға батқан сәттен бастап 20 күн іздеу жүргізілген, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.Бұл туралы Павлодар облысы бойынша төтенше жағдайлар департаменті азаматтық қорғаныс басқармасы бастығының орынбасары, подполковник Ерлан Қасымов мәлім етті. – Реттеуші құжаттар бойынша іздеу 10 күн бойы жүргізіледі. Ер адам суға батқан сәттен бастап 20 күн бойы іздедік. Бірінші кезеңде 10 күн іздедік: алғашқы үш күн белсенді, жеті күн пассивті іздеу. Туыстарының өтініші бойынша іздеулер қайта қолға алынды және жеті күн пассивті іздеу жүргізілді. Оны батып кеткен сәтінен бастап 20-шы күні таптық, – дейді Ерлан Қасымов. Подполковниктің айтуынша, су әлі лай болғандықтан, көрінуі өте нашар. Сондықтан сүңгуірлердің өміріне қауіп төнген, себебі, ағаш, қоқыс және басқа да заттар болған. Ер адамның денесі Аққулы ауылынан 60 шақырым қашықтықтағы ағыстан табылған. Оның мас күйінде болған-болмағаны сот-медициналық сараптама кезінде анықталады. Қорытынды 30 күннің ішінде беріледі. Іздеу жұмыстарына жедел құтқару жасағының 10 қызметкері, бір жүзу құралы және екі көлік жұмылдырылды.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Қостанайда мұздан сырғанау кезінде екі қыз есінен танып қалды
Семейдегі мұғалім оқиғасы: Директорлар сөгіс алып, білім бөлімінің басшысы қызметінен босатылды
Бүгін – Смағұл Көшекбаевтың туғанына 120 жыл
Алматылық студенттер Маңғыстау тұрғындарының 133 миллион теңгесін қағып түскен
Үкімет басшысы инфрақұрылымның тозуын төмендету жолдарын атады
Күрестен халықаралық турнир аяқталды
«Біз монополист емеспіз»
Тағы бір креативті хаб Ұлытау облысында ашылды
Шерзат Болаттың әкесі бостандыққа шығады
Шыршаны безендіру дау-дамайдан кейін Семейде әкім ауысты
Мемлекет басшысы Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиевті қабылдады
«Орда» деп барып опық жеді
Қазақстан Климаттық инвестициялық қордың (CIF) таза технологиялар қоры (CTF) комитетінің мүшесі болып сайланды
Картоп көш бастап тұр...
«Халықтың экологиялық мәдениетін дамыту тұжырымдамасы» бекітілді 
ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫ: Алматы қаласы үшін тұрақты көлік қаңқасын қалыптастыру
Минскіде Қазақстан мен Беларусь Бас штабтарының басшылары кездесті
Жасыл технологиялар – болашақтың негізі
Елімізде 70 жыл бұрынғы температура рекорды жаңарды
Депутат: Аспанның құдайы - Air Astana
Отау құрудан Алматы көш басында
Жұмыс орнында қызметкерлердің орындықпен қамтамасыз етілуі заңмен қадағаланады
Денсаулық сақтау министрі Алматы жұртшылығымен кездесті
35 градус аяз күтіледі