Павлодар облысында биыл 7 ауданның халқы қысқы мал азығын дайындай алмай қалуы мүмкін. Өйткені, Шүлбі су қоймасынан келетін су мөлшері аз. Соның салдарынан шаруалар шаш етектен шығынға батуы мүмкін. Оның үстіне биыл өңірде жаңбыр жауған жоқ. Жер қурап кеткен. Ал Май ауданындағы шаруалар төрт түліктің басын азайтуға көшті. Мәселенің мән-жайын тілшіміз Өзгеріс Қуанар біліп келді.Гүлзира Қазылованың шаруашылығы биыл шатқаяқтап тұр. Төрт түлігін қыстан аман алып шығу үшін қазірден мал басын азайтуға көшкен. Өйткені, қырдағы жер қурап қалды. Ал Ертіс өзенінің бойындағы жайылмаға су бармаған. Гүлзира ҚАЗЫЛОВА, ШАРУА: Малдың санын азайтып жатырмыз. Өйткені, жайылымда жоқ. Шөпте жоқ. Тоғай биыл су шыққан жоқ. Мүлдем шыққан жоқ біздің ауданымызда. Биыл малды шығара аламаймыз. Қысқа кіргізе алмаймыз шөп жоқтықтан. Өзен суының мөлшері аз болуы әсіресе, Май ауданының шаруаларын титықтаптып тұр. Мұндағы ірілі ұсақты шаруалар малдың қысқы азығын қалай дайындарын білмейді. Өйткені, жер көктемеген. Ал көктеген жерді киіктер таптап кетіпті. Еркебұлан ЖАСТАЛАПОВ, ШАРУА: Осыдан екі үші жыл бұрын жылқылар бір жерде тұратын. Жайылымда болатын. Қазір шөп жоқ көріп тұрғандарыңыздай. Қырда шөп жоқ. Шөптің бәрін жеп кетіп жатыр. Маңайттың бәрін тақырлады уже. Қазір енді жылқы тұрмайды. Аудан басшылығы да бұл мәселеден хабардар. Алайда қолдан келер қайран жоқ - деп отыр. Ағыбай ӘМІРИН, МАЙ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ: Биыл су жоқ. Ертістен жайылмаларға өкінішке орай су жоқ. Яғни, шабындық мәселесі өте күрделі мәселе болып тұр. Қырдан шабамыз ба дегенді үмітті мына ақбөкендер басып, олар жай жүрмейді. Бір жүргенде 500 кем бас болмайды. Ол жай қой жайылған қара мал жайылған сияқты емес, олар сағатына 30-40 км жылдамдықпен жүреді. Олардың тұяғыннан не қалып жатыр. Ал өңірдің ауыл шаруашылығы басқармасының есебі бөлек. Олардың сөзінше, алаңдауға негіз жоқ. Малдың қысқы азығын дайындауға қажетті шаралар жасалынып қойылған. Төлеген КӨШЕРБАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Бізге биыл 1 млн. 215 мың тонна мал азығын дайындау керек. Бізде 1 млн. 600 мың гектар шабындық алқап бар. Оған қоса өткен жылдан 250 мың тонна шөп қалды. Бұнымен қатар 224 мың алқапта егілген көп жылдық шөп бар. Осының барлығын қосқанда бізге қажетті қысқы мал азығын 100 процент аламыз деген үмітіміз бар. Мамандар биыл жайылманың 70 процентін суға толтырамыз деген. Алайда, бұл көрсеткіш 30 пайыздан аспады. Осыған байланысты халық қалаулылары жауапты тұлғалардың жауапқа тартылуын сұрайды. Жарқынбек АМАНТАЙҰЛЫ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ: Себеп қысқы мезгілдерде су қоймаларынан мөлшерден тыс көптеп босатылған. Мұны су қоймаларының кестесінен анық көруге болады. Ал су тасқыны бойынша республикалық комиссия өздері әзірлеген жоспарын тиісті де деңгейде орындамаған. Сонда аталған комиссия нені жоспарлап, не бақылаған? Қыстың қамын жаз ойлайтын халқымызды көктем шықпай судан қаңтарып тастаған азаматтар тиісті жазасын алып, жауап беруі керек. Қазгидромент мамандары биылғы жаз ыстық болады деп болжам жасады. Қазірдің өзінде өңірде күн райы +40 градусқа жетті. Шаруалар жаңбыр жаумаса, егін мен шабындық алқаптың күйіп кететін айтады.