Павлодар облысында білім беру саласында шағым көбейген

Әсіресе ата-ана мен педагогтар арасында түсініспеушілік артқан, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz тілшісі.Бұл жайлы облыс әкімдігінде өткен аппараттық жиналыста аймақ басшысы Асайын Байханов мәлім етті. – Соңғы кезде білім беру саласында шу көбеюде. Оның ішінде мұғалімдерден түскен өтініштер мен сауалдар көп. Жел тұрмаса, шөптің басы қозғалмайды, – деді аймақ басшысы. Облыстық білім беру басқармасының басшысы Самал Айтқазина шудың көбейгенінің жалған емес екенін мойындады. Бұл мәселелерді шешу мақсатында мектеп қабырғасында түрлі іс-шаралар өткізілуде. – Осыған орай мектеп қабырғасында «Әдеп кеңесі» ашылды. Бұл кеңес білім бөлімдерінің өкілдері, ардагер ұстаздар, мектеп басшылығынан құралған жеті адамнан тұрады, – дейді Самал Айтқазина. Оның айтуынша, егер де мәселе шешімін таппай жатса, білім беру бөлімі деңгейінде немесе облыстық басқарма деңгейінде қарастырылады. Өткен жылы «е-өтініш» қосымшасы арқылы мыңнан астам өтініш түскен. Ведомство басшысының жеке қабылдауында 41 педагогтың мәселесі қаралды. Биылғы оқу жылынан бастап ата-аналарды педагогикалық-психологиялық қорғау орталықтары ашылды. Бұл орталыққа тәрбие ісінің мамандары, педагогтар мен психологтар жұмылдырылған.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Абай облысында екпіні күшті жел жүк көлігінің тіркемесін аударып жіберді
Алакөлде қар құрсауынан 6 адам құтқарылды
ТЖМ құтқарушылары Жамбыл облысындағы өртті сөндірді
ҒЫЛЫМ – МӘҢГІЛІК МҰРА
Алакөлде қар құрсауынан 6 адам құтқарылды
Марқұм Шерзаттың ағасы көз жұмды, әкесі қамауда отыр. Енді не болмақ?
Абай облысында полицей өртенген үйден әйел адамды құтқарып қалды
Абай облысында екпіні күшті желден жүк көлігінің тіркемесі аударып қалды: 15 желтоқсан 2024, 10:22 - жаңалықтар Tengrinews.kz
Еліміздегі ардагерлік ұйымдар жастар тәрбиесіне басымдық беруде
«Бурабай» ұлттық паркіне кіру тәртібі өзгерді
Абай облысында екпіні күшті жел жүк көлігінің тіркемесін аударып жіберді
Бүгін – Қазақстан энергетиктері өздерінің кәсіби мерекесі
«Кәсібінің үздігі» республикалық конкурсының қорытындысын жариялады
Қазақстанда кейбір жол учаскелеріндегі көлік қозғалысы қалпына келді
Қазақстандық сәйгүлік Дубайдағы беделді ат жарысында жеңіске жетті (ВИДЕО)
Көктайғақ, бұрқасын: 15 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы
Ақтау маңында жол апаты болып, 7 адам ауруханаға жеткізілді
Талғат Жайлауов кезекті рет "Барысқа" оралады
Түркістанда Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында үш медициналық нысан ашылды
Шығыс Қазақстан облысында аспалы жолдың тросы үзіліп кетті
Абай облысында 28 отбасы қоныс тойын тойлады
Орташа жылдамдық айыппұлын салмас үшін не істеу керек?
Омбы-Майқапшағай трассасында жол апаты болды
Бүгінгі валюта бағамы қандай