Павлодар облысында бүтін бір ауыл өзен суын ішіп отыр

Павлодар облысында бүтін бір ауыл өзен суын ішіп отыр. Өйткені, елдімекенде тіршілік нәрін алатын басқа жер жоқ. Ескі құдық тартылып қалған. Ал өздері құдық қазып алайын десе, жақыннан су шықпайды. Тұрғындар әкімдік табалдырығын тоздырғанмен, нәтиже шықпапты. Себебі, халық саны 50 адамнан төмен болғандықтан, су тартылмайтынын айтқан. Амалы таусылған ағайын арнамыздан араша сұрады. Мәселенің мәнісін осы ауылға арнайы барып келген тілшіміз сабақтайды.Май ауданына қарасты Жаңатілек ауылында 40-тай ғана тұрғын бар. Көпшілігі су болмағандықтан, көшіп кетіпті. Қазір бар жоғы 9 үй қалған. Өзгеріс ҚУАНАР, ТІЛШІ: Жаңатілек ауылында мүлдем су жоқ. Тұрғындар тіршілік нәрін өзеннен тасып, ішіп отыр. Мұнан мал да, адам ба су ішеді. Тұрғындар суды күн сайын шелектеп тасуға мәжбүр. Қайырбек ШАМСҮЛЕЕВ, ЖАҢАТІЛЕК АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Міне, біздің ішіп жатқан су осы. Бізде ішеміз, малда ішеді. Сапасы туралы білмейміз. Әйтеу ағынды су болғандықтан, алып ішіп жатырмыз. Басқа су жоқ ішетін. Ауыл тұрғындарының айтуынша, бұрын суды құдықтан алған. Бірақ, соңғы 30 жылда құдық суы тартылып қалыпты. Ал өздері қазып алайын десе, жақыннан су шықпайды. Еренғайып БОРАКОВ, ЖАҢАТІЛЕК АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Су міне тартылып іргемізге келіп тұр. Міне, трассаның жиегінде су келіп тұр. Соны осы ауылға кіргізбейді. Өзненнен су алып ішеміз. Оның сапасын тексеріп жатқан ешкім жоқ. Тіршілікте су ішу керек ғой. Ол қандай? Болмаған соң ішеміз. Не істейсіздер? Малда содан ішеді. Адамда содан ішеді. Ал аудан әкімі ауыз су мәселесін шешу қолдан келмейтініН айтады. Өйткені, халық саны аз болғандықтан, су құбырын тартуға қазынадан қаражат қарастырылмаған. Ағыбай ӘМІРИН, МАЙ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ: Депутатар оның ішінде мәслихаттың төрағасы осы мәселе бойынша әңгімелескенбіз. Бір барып, ауылдың қалталы азаматтарын жинайық, басын қосайық. 5-6 қалталы азаматтар бар. Соларды сұрайық. Қазақта жақсы мақал бар ғой. Көп түкірсе көл болады деген сияқты. Иә, ол мәселе бар. Сол жерден ұңғыма қазып берсе дұрыс болар еді. Өңірде таза ауыз сумен қамту көрсеткіші 95 процентке жеткен. Алайда, 54 елдімекен әлі күнге дейін тіршілік нәріне жарымай отыр. Ержан САЛХАНОВ, ОБЛЫСТЫҚ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ ТҮКШ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ: Ауылдық елдімекендерге 15 млрд-тай қаражат қарастырылған. Ол 27 жоба бойынша. Биылғы таңда біздің жоспар бойынша 27 жобаны іске асырамыз. Соны асырғаннан кейін біздің сумен қамтамасыз ету деңгейі 98 ге дейін жететін болады. Алайда, тұрғындар мен шенділердің бұл есебі сәйкес келмейді. Таза ауыз сумен қамту көрсеткіші 100 процентке жақындаса да, жұрт әлі өзен суын тұтынуға мәжбүр.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Шымкентте есірткі жеткізумен айналысқан екі студент ұсталды
Универсиада-2025: Қазақстандық хоккейшілердің ойын кестесі белгілі болды
Ақтөбеде электр желілеріне мұз қатып, жарық сөнді
“Бұл өнердің шегі жоқ“. Каллиграфия арқылы әлемдік брендтерге ұсыныс алған қазақ қызы
1 қаңтардан бастап Қазақстанда зейнетақы мен жәрдемақы қанша теңгеге өсті?
Жаңақорған ауданында 124 отбасы баспаналы болды
Қысқы Универсиадада Қазақстан намысын қорғайтын спортшылар белгілі болды
Тұман, көктайғақ күтіледі: Бірқатар өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды
Универсиада-2025: Қазақстандық хоккейшілердің ойын кестесі белгілі болды
Әлемнің ең қарт адамы қайтыс болды
Жабық жолға шыққан жүргізушілерге қандай жағдайда айыппұл салынады?
Нұрқожа Қайпанов: «Шавкат Белал Мұхаммедті сенімді түрде жеңеді»
Лоторея, тіс протезі: Өткен жылы Алматыда жоғалған ерекше заттар
Күнбағыс майының алғашқы партиясы өңірлерге жөнелтіледі
“ЭКҰ арқылы босанды“. Өмірқұл Айниязов ел білмейтін құпиясын ашты
Ақтөбеде электр желілеріне мұз қатып, жарық сөнді
Елімізде 12 судья қызметінен босатылуы мүмкін
Өскеменде үй саламыз деп 102 азаматты алдаған күдіктілер ұсталды
Тұман, көктайғақ: 6 қаңтарға арналған ауа райы болжамы
Бүгін Түркістан облысына жаңа әкім тағайындалады
Алматыда орташа жөндеу жұмыстары 300 км жолды қамтиды
Қытайда метапневмовирус өршуі коронавирустан да қауіпті екені рас па?
«Экологиялық білім берудің үздік ұйымы» ұлттық байқауының қорытындысы шықты
Түркістан облысында полигондардың 65%-ы санитарлық талаптарға сәйкес келмейді