Қайғылы оқиға Екібастұз қаласына қарасты Бәйет ауылында болды, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 5 шілдеде Бәйет ауылында 6 және 7-сыныптың екі оқушысы сағат 18.00-де үйден каналға қарай шығып, жоғалып кеткен. – Жақын жерде ата-аналары мен басқа ересектер болмаған. Балалардың заттары жағадан табылды. Құтқарушылардың күшімен денелері табылып, судан шығарылды, – деді департамент өкілдері. Шомылу маусымы басталғаннан бері үш адам суда батып кетті. Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері судағы қауіпсіздік ережелерін сақтаудың маңыздығы туралы еске салады.