Павлодар облысында екі көлік жыраға түсіп кетті, бірнеше бала зардап шегіп, ауруханаға жеткізілген, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.Павлодар облысының жедел жәрдем станциясы баспасөз қызметінің мәліметінше, 22 шілдеде таңертең 103 қызметкерлері үш рет жол-көлік оқиғасына шыққан. Жедел жәрдем пультіне алғашқы хабарлама сағат 07:30-да түсті. Екібастұздан 30 шақырым жерде көлік аударылған."Медициналық топ оқиға орынына 13 минутта жетті. Жол-көлік оқиғасы салдарынан 20, 35 және 53 жастағы ер адам зардап шеккен. Олар Екібастұз ауруханасына жеткізілді", - деді станцияда. Арада бір жарым сағат өткеннен соң кейін тағы бір шақырту келді. Розовка ауылының маңында көлік жыраға түсіп кетті. Медицина қызметкерлері оқиға орнына үш минутта жеткен. Жол апат орнынан 3 жасар ұл және 8 жасар қыз облыстық балалар ауруханасына жеткізілді. Ал көлікте болған 28 жастағы әйел мен 32 жастағы ер адам ауруханаға жатудан бас тартты.Тағы бір ірі апат 23 шілдеде Майқайың ауылына кіре берісінде орын алды. Сағат 17:30 шамасында көлік жыраға түсіп кетті. Жол апаты салдарынан үш жасар қыз, 15 жастағы жасөспірім, 37 жастағы ер адам және 42 жастағы әйел зардап шекті. Олар Майқайың ауылдық учаскелік ауруханасына жеткізілді.