Павлодар облысында ерекше балаларға мерзімі өтіп кеткен тәттілер таратылған

Әлеуметтік желіде кәсіпорындардың бірі ерекше балаларға мерзімі өтіп кеткен тәттілер таратқаны туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты Pavlodarnews.kz порталына сілтеме жасап.– Кеше балаларға арналған шырша болды. Көңіл күйіміздің бұзылғаны және мерзімі өтіп кеткен тәттілер үшін рахмет. Біздің балаларымыз ерекше болғаны үшін оларға осындай бұзылған тәтті беруге бола ма? Салып жатқан кезде қарауға болмады ма? – дейді желі қолданушысы.  Ақсу қаласы білім беру бөлімінің басшысы Қайрат Смағұловтың айтуынша, мерзімі өтіп кеткен тәттілерді жабдықтаушы жеткізген. – Мұндай жағдай бірінші рет болып отыр. Олар сегіз жылдан бері сыйлықтар әкеледі және мұндай болған емес. Кәмпиттердің қатты болуы мен мерзімдерінің өтіп кетуі ата-аналардың ашуын тудырды, – дейді Қайрат Смағұлов. Бөлім басшысы шағымдардан кейін тәттілердің қаптамасының сыртында жаңадан жарамдылық мерзімі жабыстырылғанын көргенін айтады. Бұдан кейін ата-аналармен Zoom арқылы жиналыс өткізіп, олардан кешірім сұраған. – Сыйлықтардың жарамдылық мерзімін тексермегенім үшін өз кінәмді мойындаймын. Бұл – ерекше балалар. Тіпті, осылай болады деп ойламаған едім. Бұған қоса, сыйлықтарды ертерек емес, шырша мерекесі таяп қалған кезде жеткізді, – дейді Қайрат Смағұлов. Айтуынша, ерекше балаларға арналған мұндай ертеңгіліктерде жыл сайын театрландырылған қойылым ұйымдастырылады, сыйлықтар беріледі. – Қала бойынша барлығы 291 ерекше бала бар және кәсіпорын барлық ерекше балаларға сыйлықтар береді, – дейді ол. Бөлім басшысы алдағы күндері сыйлықтар ауыстырылатынын мәлім етті.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Шымкентте есірткі өткізумен айналысқан екі студент ұсталды
Grand slam: қазақстандық дзюдошылар Париждегі турнирге қатысады
Қазақстанда тамақ жеткізіп беретін курьерлерге талап қатайтылмақ
Тұман, көктайғақ күтіледі: Бірқатар өңірде ауа райына байланысты ескерту жасалды
Универсиада-2025: Қазақстандық хоккейшілердің ойын кестесі белгілі болды
Жабық жолға шыққан жүргізушілерге қандай жағдайда айыппұл салынады?
Нұрқожа Қайпанов: «Шавкат Белал Мұхаммедті сенімді түрде жеңеді»
Лоторея, тіс протезі: Өткен жылы Алматыда жоғалған ерекше заттар
Күнбағыс майының алғашқы партиясы өңірлерге жөнелтіледі
“ЭКҰ арқылы босанды“. Өмірқұл Айниязов ел білмейтін құпиясын ашты
Елімізде 12 судья қызметінен босатылуы мүмкін
Өскеменде үй саламыз деп 102 азаматты алдаған күдіктілер ұсталды
Тұман, көктайғақ: 6 қаңтарға арналған ауа райы болжамы
Бүгін Түркістан облысына жаңа әкім тағайындалады
Алматыда орташа жөндеу жұмыстары 300 км жолды қамтиды
Қытайда метапневмовирус өршуі коронавирустан да қауіпті екені рас па?
«Экологиялық білім берудің үздік ұйымы» ұлттық байқауының қорытындысы шықты
Түркістан облысында полигондардың 65%-ы санитарлық талаптарға сәйкес келмейді
Қазақстанда тамақ жеткізіп беретін курьерлерге талап қатайтылмақ
АҚШ-тың экс-президентін ақтық сапарға шығарып салу рәсімі 6 күнге созылады
Павлодар облысында мас жүргізушілер заң алдында жауап берді
Алматы облысында 89,7 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды
Grand slam: қазақстандық дзюдошылар Париждегі турнирге қатысады
Ақмола облысында 1500-ден астам адам шаңғы жарыстарына қатысты