Павлодар облысы Тереңкөл ауданына қарасты Воскресенка ауылының тұрғындары төрт түлігін бағатын жер таппай отыр. Айтуларынша, елдімекенде жайылым жер қалмаған. Ал оның иесі 7 жыл бойы жерді игермеген. Тұрғындар жерді мемлекет меншігіне қайтарсын деп талап қойып отыр.Воскресенка ауылында 700-ге жуық халық бар. Елдімекенде жұмыс болмағандықтан, тұрғындар тек малмен ғана күнелтіп отыр. Аудан әкімдігі ауыл іргесіндегі 1 мың гектарға жуық жерді жалға беріп жіберген. Енді тұрғындар төрт түлігін қайда бағарын білмейді. Бейбіт ӨМІРБАЕВ, ВОСКРЕСЕНКА АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Ауылдан 1 шақырым поля. Енді біз білмейміз малды қалай бағуға. Жайылым жоқ. Барын жыртқызып тастады. Сол қиын болып жатыр. Міне, трасса. Трассаға болмайды малды айдауға. Міне, жер аз. Малдар осылай жүреді күндікке. Жерді жалға алған фермер оны жыртып, егін екпек. Бұған ауыл тұрғындары түбегейлі қарсы. Мейрамбек САДЕТХАН, ВОСКРЕСЕНКА АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Бағатын жер жоқ. Не істейміз. Көшу керек. Егер КХ-ник жерді жыртып тастаса, малды тапсырып, қала жаққа көшуге тура келеді. Сансызбай ЗАЙЫРОВ, ВОСКРЕСЕНКА АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Анда барсаң штраф. Мында барсаң штраф. Трассаның жанына тағы жақындай алмайсың. Полициялар қуады. Көшеге тағы шығара алмайсың. Тағы штраф. Бұзауды шығарма, жетектеп жүр дейді. Ал аудан әкімі ауыл тұрғындарының сөзін жоққа шығарды. Айтуынша, өткен жылы ауылда бос жатқан 4 мың гектар жерді қайтарып алған. Азамат МАҢҒҰТОВ, ТЕРЕҢКӨЛ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ: 9 мың гектар тек Воскресенка ауылында жайылым жерлер. Оның 4 мыңын біз қайтарып алдық. Ең соңғы екі жылда. Басқа шаруа қожалығының жалдап отырған жері біздің аудандық балансқа сәйкес ол елдімекен жері емес. Жайылым жер емес. Егістік жер. Оны біз заң жүзінде тартып ала алмаймыз. 7 жыл бойы жерді пайдаға жаратпаған кәсіпкерге айыппұл салынған. Енді жерді игермесе, қайтарып аламыз деп сендірді.