Павлодар облысында жерінен айырылған шаруалар шу көтерді

Павлодар облысында жерінен айырылған шаруалар шу көтерді. Айтуларынша, ұзақ жылдар бойы пайдаланып келген жерлерінен бір-ақ күнде айырылып қалған. Жергілікті шенділер бұл телімдердің заңсыз екенін айтыпты. Ал қолдарында құжаты бар шарулар бұл уәжбен келіспейді. Мәселенің мәнісін тілшіміз Өзгеріс Қуанар біліп келді.Шахназар Теміршотов 2009 жылы Железин ауданынан 1 мың гектар жер алған. Оны 49 жылға рәсімдепті. Алайда, арада 14 жыл өткенде жергілікті шенділер бұл аумақтың заңсыз екенін айтып, жерді алып қойған. Ал шаруа жерді игеру үшін ірі инвестициялық жоба жасапты. Шахназар ТЕМІРШОТОВ, ШАРУА: Енді ол жобаны жүзеге асыра алмайтын болдық. Мен бұл жерді игеруге 6 млн. теңгеге жұмсадым. Оның үстіне ол жерді жылда пайдаланып өңдеп, отырдық. Өңірде 40-тан астам шаруа дәл осылай игеріп отырған жерінен айырылып қалды. Ішінде 3 мың гектар жер алып, бар тапқан таянғанын жерді өңдеуге салған шаруалар бар. Сәния ТАСБОЛАТОВА, ШАРУА ҚОЖАЛЫҚ ӨКІЛІ: Президент игерілмей жатқан жерлерді қайтарып алуды тапсырды. Ал, біз тұрақты игеріп келе жатқан жерімізден айырылып қалдық. Осыған қарағанда біздің жерімізге әлдекімдердің қызығушылығы бар сияқты. Ал жергілікті шенділер бұл аумақтардың заңсыз берілгенін айтады. Жер кодексіне енгізілген түзетулерде заң талаптары бұзылғаны анықталған. Болат МЕДЕУ, ОБЛЫСТЫҚ ЖЕР ҚАТЫНАСТАРЫН БАСҚАРУ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ МІНДЕТІН АТҚАРУШЫ: Ол жер телімдері жаңа Жер кодексінің 26-бабы бойынша заңсыз берілген. Өйткені, елді-мекен аумағына енген жерлер. Оны біз сотта дәлелдедік. Ал, сот жерді қайтару туралы шешім шығарды. Алайда, бұл шешіммен келіспеген шаруалар Жоғары сотқа шағым түсірмек. Айта кетейік, жыл басынан бері аймақта 13 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылған.

Читать источник astanatv.kz/kz/
EURO-2026: Қазақстан құрамасы Албаниядан басым түсті
Мейірбек Сұлтанхан, ақын, «Алтын домбыра» иегері: Керегі мен кебегін халық өзі ажыратып алады
Доллардың өсуі ипотекалық бағдарламаларға қалай әсер етпек?
Мейірбек Сұлтанхан, ақын, «Алтын домбыра» иегері: Керегі мен кебегін халық өзі ажыратып алады
Хоккейден Қазақстан әйелдер құрамасы Словенияны жеңді
950 жылдық теңдессіз туынды
Қайтарымсыз грант нәтиже беруде
ШҚО-да электр қозғалтқыштары шығарыла ма
Ақтөбе облысында алимент төлемегендерге қылмыстық іс қозғалды
«Тамаша» туралы тамаша тарту
«Таза Қазақстан»: эко ғана емес, сана тазалығы
«Егеменнің елдік жолы»: басылымға – 105 жыл
«Бывшыйым» артымнан қалмайды»: Коуч қыздарға абьюзер жігіттерден қалай құтылуды үйретті
“Жалған құжаттар жіберіліп жатыр“. ҚҰБ ескерту жасады
Орталық Азия елдерінің ортақ диалогы
Астанада желілік мұз айдыны қашан ашылатыны белгілі болды
Өңірлер қуатты болса, мемлекет мықты
Ауыр атлетика: Артем Антропов – әлем чемпионы
Семейде Шәкәрім Құдайбердіұлының ескерткіші ашылды
Отшашуға толы Mercedes Benz жүк көлігі өртенді
«Ақшаға таласыпты»: Сырым Исабаев Қайрат Нұртас туралы шындықты айтты
World Boxing Астанада әлем чемпионатын өткізетін болды
5 пәкістандық шекарадан заңсыз өткені үшін сотталды
Күн аяздап, көктайғақ болады. Демалыс күндеріне ауа-райы болжам қандай?