Павлодар облысында жолда әйел мен баланы қағып кетті, олар жолдың жүріс бөлігі реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелі арқылы өткісі келген, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, Омбы-Майқапшағай автожолында Hyundai Accent маркалы автокөлік жүргізушісі әйел адам мен кәмелетке толмаған баланы қағып кетті. "Жол-көлік оқиғасы салдарынан жарақат алған әйел мен бала ауруханаға жатқызылды", - деп хабарлады департамент.Жедел жәрдем көлігі оқиға орнына 12 минутта жетті. "Шақырту сағат 09:38-де түсті. 28 жастағы әйел №1 қалалық ауруханаға, ал 10 жастағы қызды облыстық балалар ауруханасына жеткізілді", - деді облыстық жедел жәрдем станциясының баспасөз қызметі.