Павлодар облысында жүк пойызы 7 жылқыны басып кетті. Оқиға Екібастұз-1 бекетінде болған. Машинст тежегішті басқанмен жүк вагонын тоқтату мүмкін болмапты. Салдарынан 2 жолаушылар пойызы мен жүк пойызы кестеден кешікті. Ал малын қараусыз жіберген Екібастұз қаласының 41 жастағы тұрғынына қатысты әкімшілік іс қозғалды.Ернар МАМАНОВ, ПАВЛОДАР СТАНЦИЯСЫ ЖПБ БӨЛІМШЕ БАСТЫҒЫ: Ол үй жануарларын теміржол маңында бағу тәртібін бұзғандығы үшін ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 555-бабы, 1-тармақшасы бойынша әкімшілік жазаға тартылды. Оған 5 АЕК көлемінде айыппұл салынды.