Павлодар облысының Май ауданында кәсіпкерлер жалға алған жерін жаппай қазып жатыр. Осылайша олар аумақты төрт түліктен қорғамақ. Салдарынан тереңдігі 2 метрден асатын шұңқырға мал түсіп, өліпті. Бұған тұрғындар үзілді - кесілді қарсы. Айтуларынша, ауылдарда мал бағатын жер қалмаған. Амалы таусылған тұрғындар арнамыздан араша сұрады.Май ауданына қарасты Бозша ауылының тұрғындары жылдар бойы жайылымнан тапшылық көріп келеді. Ауыл маңындағы жерлерді әкімдік жеке кәсіпкерлерге беріп жіберген. Салдарынан ауылда мал бағатын жер қалмапты. Соңғы жылдары олар жалға алған жерін қазып, қоршауды әдетке айналдырған. Қуат БЕКЕНОВ, БОЗША АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Мал жоғала бастайды. Шұңқырлардың бәрін аралаймыз, қармен басып қалады екен. Қар еріген кезде сүйектерін тауып жатырмыз. Малға жайылым жоқ былай айтқанда. 500 метр ауылға әкеліп, тіреп тастады. Осы жерде мал жайылып, қой жайылатын жер. Ана жақтың бәрін қазып тастаса, біз қайда барамыз. Трассаның қасына жақындама штраф саламыз - дейді. Огородқа жақындама жемісімді жеп жатыр деп штраф салады. Сонда қайда бару керек? Ал Қаратерек ауылының халқы төрт түлігін жаярға жер таппай отыр. Тұрғындардың айтуынша, жердің бәрін аудандағы ірі инвесторлар алып алған. Олар да жерді жаппай қазып тастапты. Райымбек ЖҰМАБЕКОВ, ҚАРАТЕРЕК АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Ана бір инвестор келеді, мына бір инвестор келеді. Ана жерден бір жұлып алады, мына жерден бір жұлып алады. Жаңағы инвесторлар түгел жерімізді алып, шұңқырларын қазып тастады. Ешқандай рұқсат жоқ. Жыртады, но өздеріне де пайда жоқ, не халыққа да пайда жоқ. Ал аудан әкімдігі бұл жерлердің осыдан біраз жыл бұрын жалға берілгенін айтады. Қайтарып алуға негіз жоқ - деп отыр. Ағыбай ӘМІРИН, МАЙ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ: Ол жер 2017 жылы конкурс арқылы «Ақжар өндіріске» берілген. Бұл жайылым жер емес, суармалы жерге арналған жер. Жайылым да емес, шабындықта емес. Сондықтан ол кісілер 1170 гектар жер соның 400 гектары суармалы жер тарту бойынша ол кісілер жоба жасаған. Соңғы жылдары Қаратерек маңынайын жер берілген жоқ конкурс арқылы. Ал аймақтың жер қатынастары басқармасы жерді қазу заңсыз екенін айтады. Қазіргі осы іске байланысты тексеру бастаған. Мұрат ХАМИТОВ, ОБЛЫСТЫҚ ЖЕР ҚАТЫНАСТАРЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ: Жайылымдық жер болсын, егіндік жер болсын, аң кірмесін, мал кірмесін деп қоршауға болады. Бірақ, жерге ор қазып, арық қазып, оны қоршауға болмайды. Жер кодексінің бабына сәйкес ол заң бұзушылық болады. Қаратеректегі сіз айтақан жағдай болып жатыр деп бізде естідік. Қазір бөлім басшысымен байланыстым. Материалды жер инпекциясына жібердік дейді. Болат МЕДЕУ, ОБЛЫСТЫҚ ЖЕР РЕСУРСТАРЫН БАСҚАРУ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Біз анализ жасаймыз өз функциямыз жағынан. Сол себептен біздің департаменттен хат жолданды Май ауданына. Әрине, ол біздің бақылауымызда тұр бұл мәселелер. Естеріңізге салайық, өткен жылы Баскөл ауылында да кәсіпкерлер жерді қазып ор жасаған болатын. Тексеру жүргізген құзырлы органдарды жерді қайтарып алды. Бірақ, кәсіпкер қазған шұңқырларды жаппай кетіпті.