Іздеуге жергілікті тұрғындар мен ТЖД, әкімдік қызметкерлері, зейнеткердің туыстары шықты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.«Vita» іздеу ұйымының мәліметінше, Успен ауданының тұрғыны, көпбалалы ана, жергілікті тұрғындарды емдеген 74 жастағы Надежда Костынюк 2023 жылы 4 қарашада жоғалып кеткен. – Зейнеткер ұзақ уақыт бойы өзінің тұрғылықты жерінен қайтыс болған анасымен бірге бұрын тұрған жерге дейін серуендеп жүрген. Біраз уақыттан бері анасының дауысын естіп, анасы оны үйіне шақырғандай болған. Осылайша, бірнеше рет үйден кетіп жүрген. Бірде ол Успен ауылына дейін кетіп қалып, бір үйге кірген. Енді бірде шатқалда отырғанда ұлы тауып алған, – дейді еріктілер. Бұл жолы іздеу шараларына көптеген адам және төтенше жағдайлар департаментінен тікұшақ жұмылдырылған. – Қазір түнде суық болатыны белгілі. Сондықтан біз зейнеткер үшін уайымдап отырмыз. Бәлкім, біреулер паналатқан шығар деп үміттенеміз. – дейді іздеу ұйымында. Надежда Костынюкты көрген адамдар болса, 8 (747) 615 55 63 (Катерина) және 8 (777) 334 82 01 (Светлана) нөмірлері бойынша хабарласуды сұрайды.