Павлодар облысында малдың қысқы азығы екі есеге қымбаттады

Павлодар облысында малдың қысқы азығы екі есеге қымбаттады. Қазір шөптің тоннасы 50 мың теңгеге жеткен. Бұл бәрінен де ауылдағы ағайынға қиын соғып тұр. Биыл өңірде жауын шашын жоқ. Жер құрғап кеткен. Шаруалар шалғы салар жер таппай отыр. Күннің ыстығынан өңірде тілсіз жау да көбейген. Май ауданында өрттен 2 мың гектар алқап күлге айналды. Аманкелді СҰЛТАНОВ, ШАРУА:Кеше 11-ші күн өртпен арпалысып, айқасқанымызға. Енді балалардың барлығы жан-жақтан күзетіп жатыр. Бір түтін шықса бірден бара. Енді қатты жанып бара жатса пожарныйларды шақырамыз. Қалған кішкентай, майда өртті өшіруді өзіміз үйреніп алдық ақырын-ақырын. Өңірде шөп шабу науқаны басталды. Алайда, құрғақшылықтан шалғыға шалынар шөп шықпай тұр. Оған қоса биыл Ертіс өзені де тасыған жоқ. Салдарынан аймақта мал азығының бағасы екі есеге қымбаттап кетті. Төлепберген ӘУБӘКІРОВ, ШАРУА:Жылда алып жүрген шөптің жартысы жоқ қой. Қазір шабындықты бастадық. 3-5 центнер гектарынан шығып отыр. Шет жақтан сатып әкеліп малды асырамасақ, басқа амалын көріп отырған жоқпыз. Мәселеден жергілікті билік хабардар. Қолдан келгенін жасап жатқанын айтады. Биыл орман алқабындағы тыйым салынған жерлерді де шабуға рұқсат берген. Есентай МҮРСӘЛІМОВ, ОБЛЫСТЫҚ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ:Бұрын Ертіс суы жайылатын шабындықтарда гектарына 18 центнерден шөп жиналатын болса, қазір 7 центнерден түсіп жатыр. Ал қырда га-дан 1,5-2 центнер. Жаңбыр болмай бәрі күйіп кетті. Сондықтан шөп дайындауға арзан жанар-жағармай бөлінді. Шаруалар қуаңшылыққа байланысты төтенше жағдай жариялауды сұраған. Әзірге бұл мәселе сиырқұйымшақтанып кетті. Десе де, әкімдік малдың қысқы азығын дайындауға 2 млрд теңге бөлмек. Бұл қаражат фермерлер мен шаруа қожалықтарына субсидия ретінде беріледі. Ал бәрінен де ауылдағы ағайынға қиын болғалы тұр. Оларға жем шөп дайындауға қаражат қарастырылмаған.

Читать источник astanatv.kz/kz/
Той үстінде төбелескен екі даяшы ұятқа қалды (ВИДЕО)
Әзербайжан қызы Ақтаудағы ұшақ апатына ән арнады
Еліміздің 10 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
2024 жылы мемлекеттік еңбек инспекторлары 54 мыңнан астам жұмыскердің құқығын қорғады
Қазақстандықтар туу туралы куәлікті ХҚКО-ға бармай-ақ ала алады
Тарихтағы 15-ші жеңіс
Шекарашылардың жағдайын жақсарту талқыланды
Эстондық акробат Дубайда 224 метр биіктікте арқанмен 100 метр жүріп өтті
Қазақ қызы UFC сапына қосыла ма?
Қазақстан хоккейшілері Универсиадада жеңіске жетті
Алматыда халықтың әлеуметтік осал санаттарына 17 көмек түрі көрсетіледі
Алматы облысында қайтарылған активтер есебінен жаңа спорт кешені салынады
"7-20-25" пен "Баспана хит" ипотекасында салық шегерімдері ашылды
Жел күшейіп, көктайғақ болады
Астанада қар тазалауға 2400-ден астам жол жұмысшысы жұмылдырылды
Қазақстандықтар туу туралы куәлікті ХҚКО-ға бармай-ақ ала алады
Италиядағы курортта қар көшкіні жүріп, адамдар қаза тапты
Ішкі істер министрлігінде 2025 жыл «Профилактика жылы» болып жарияланды
“Әйелімді тыныштандыруға тырыстым“. Ақтау маңындағы ұшақ апатынан аман қалған жолаушы
«Біз енді бөтен адамдармыз»: танымал әншінің алты жас үлкен әйелі жан сырын ақтарды
«Маңғыстаумұнайгаз» компаниясына 32 млрд теңге айыппұл салынды
ІІМ: Былтыр елімізде қылмыс саны 12,5 мыңға азайған
Алматыда дизельмен жүретін автобустарға тыйым салынды
"Ұлттық қор – балаларға": Былтыр қанша қаржы нысаналы мақсаттарға пайдаланылды?