Павлодарда интернатта оқушылар арасында төбелес болып, үш адам зардап шекті, деп хабарлайды inbusiness.kz Бейресми ақпарат бойынша, 16 мамырда кадет корпусында 40 оқушы “сынып сыныппен” жаппай төбелескен. Салдарынан үш жасөспірім әртүрлі жарақаттармен ауруханаға түскен. Павлодар облысының полиция департаменті Қабанбай батыр атындағы "Жас сарбаз" облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернатында төбелес болғанын растады.