Павлодар облысы Сарышығанақ ауылындағы мектептің күрделі жөндеу жұмысы бітер емес. Соның салдарынан оқушылар дене шынықтыру сабағын кабинетте өткізіп жүр. Өйткені, спорт зал әлі бітпеген. Оған қоса мәжіліс залында да жұмыс аяқталмай тұр. Жөндеудің басталғанына жарты жылдан асты. Ақсу қаласының білім бөлімі мердігерді сотқа берді. Мәселенің мән-жайын тілші тарқатады.Мектепті жөндеуге 395 млн теңгеге жуық жуық қаражат бөлінген. Жұмыс былтыр шілде айында басталды. Алайда, әлі аяқталар емес. Келісім шарт бойынша мердігер нысанды қараша айында тапсыруы керек болған. Оқушылар қазір мектептің екінші және үшінші қабатында оқып жатыр. Ал дене шынықтыру сабағын кабинетте өткізеді. Өйткені, спорт залда жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Ғимараттың сыртқы әрлеу жұмыстарына да мектеп директорының көңілі толмайды. Қалимаш БАЙМҰХАНОВА, САРЫШЫҒАНАҚ МЕКТЕБІНІҢ ДИРЕКТОРЫ: Әрине, фасад өзіңіз көргендей фасадтың енді сапасы төмен. Оны енді өздері де айтып отыр, поставщик. Күн жылынған соң бәрі жақсылап істейміз, деп айтқандары бар. Шынын айтқанда, осы жұмыстарды бітіреді сосын тағы қараймыз. Ал жөндеу жұмысын уақытылы аяқтамаған мердігерді Ақсу қалалық білім бөлімі сотқа берген. Қайрат СМАҒҰЛОВ, АҚСУ ҚАЛАЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ: Ол кісілерді сотқа бергеніміз 13 қаңтардан бастап мерзімінде мектепті тапсырмай жұмыстарды осы күнге дейін істегеннен кейін не благонадежный деген поставщиктің тізіміне кіргізу бірінші мақсат. Екінші мақсат штарфный санкции менің білетінім екі жарым айдың ішінде 24 млн қағылды. Күн сайын созылса ақшасы көбейеді. Мердігер мектептің уақытылы тапсырылмауына жобаның дұрыс жоспарланбауы себеп болғанын айтады. Соның салдарынан уақыттың көбін жобаға өзгерту енгізуге жұмсадық - дейді. Бағдәулет ЖҰМАТАЕВ, МЕРДІГЕР МЕКЕМЕНІҢ ӨКІЛІ: Сахна салынбаған екен. Осы автордың проектісі бойынша сызылмаған. Біз соны мердігер спонсорский ретінде сахнаны салып беріп жатырмыз. Біраз жұмыстар болды. Жоқ жұмыстарды «Градстройсервис» өз мойнына алып жасап беруде. Десе де, мердігер алдағы екі аптаның ішінде жөндеу жұмысын толық аяқтаймыз - деп уәде берді. Айта кетейік, өткен жылы Павлодар облысында 46 мектепке күрделі жөндеу жүргізілген. Ө. Қуанар