Павлодар облысында 8 жасар бала үш метрлік су траншеясына құлап кетті, деп хабарлайды Zakon.kz.Оқиға Павлодар облысындағы Шарбақты ауданындағы ауылдардың бірінде кешкі уақытта болған. 2015 жылы туған бала 3 метрдей тереңдіктегі су траншеясына құлап кеткен. Бала жарақатпен ауруханаға жеткізілді. "Бұл факті бойынша осы ауылда жөндеу жұмыстарымен айналысатын ЖШС учаскесінің басшысының үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің 254-бабы бойынша сотқа дейінгі іс қозғалды", – деп хабарлады Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.Анасының айтуынша, бала ауладағы су құбырына арнап қазылған орға құлап, жарақат алған. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы науқастың жалпы жағдайы өте ауыр екенін хабарлады.