Павлодар облысында шахта опырылып, 2 адам қаза тапты. Оқиға "Майқайыңалтын" шахтасында болған. Құтқарушылар мінген автобус жер астына түсіп кеткен. Ал шахтада болған 33 кенші дереу сыртқа шығарылды. Барлығы дін аман. Қазір оқиға орнында 70 құтқарушы жұмыс істеп жатыр. Әзірге екі құтқарушының ғана денесі табылды. Қаза тапқан құтқарушылардың бірі -24 жаста, екіншісі- 53 жаста болған. Қалған екі адам табылмай жатыр. Шахта маңында тереңдігі 150 метр шұңқыр пайда болған. Апатқа не себеп болғаны әзірге белгісіз. Жедел штаб құрылды. Ардақ КІСЕНТАЕВ, БАЯНАУЫЛ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ: Құтқарушыларды іздеп жатырмыз екі адамды. Ол жерде қиындық тудырып тұрған жанағы құлаған жердің жан жағы төмен қарай түсіп сырғып, құлап жатыр жер. Сол қиындық туғызып тұр құтқарушыларға.