Павлодар облысында суға батып кеткен жігіттің мәйіті табылды. Іздестіру жұмыстары үш күн жалғасқан, деп хабарлайды Zakon.kz.Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, 13 маусымда сағат 12:50-де оқиға орнынан 12 шақырым жерде 1999 жылы туған суға кеткен жігіттің денесін туыстары тапты. ТЖД құтқарушылары оның денесін судан шығаруға көмек етті.Еске салайық, 10 маусымда сағат 14:30-да Ертіс өзенінде шомылу кезінде 1999 жылы туған жігіт суға батып кеткені туралы хабарлама түскен болатын. Ол шомылуға жабдықталмаған жерде суға түскен еді.