Павлодар облысында тасқын қаупі сейілді. Жағдай біртіндеп тұрақталып келеді. Қарғын судан ең көп зардап шеккен Ақтоғай ауданы Жалаулы ауылындағы төтенше жағдай режимі алынып тасталды. Бұған баспаналардағы судың сорғызылып, қалыпқа келе бастағаны себеп. Мамандар тасқын қаупін азайту үшін сыйымдылығы 200 мың текше метр су сыятын қазан шұңқыр дайындаған. Соның арқасында ауылдың бір бөлігі судан аман қалды.Азамат МЕДЕТОВ, ЖАЛАУЛЫ АУЫЛЫНЫҢ ӘКІМІ: Қазір су тоқтатылды. Қазіргі уақытта суды қауіпсіз аймаққа айдау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Насосный станциялар жұмыс істеп жатыр. Осы күндері елге көмектесіп, жанағыдай жұмыс атқаруға қаптарға құм тиеп, дамбаларды құруға бәріне көмектескен әскери бөлім қызметкерлеріне жергілікті тұрғындардың атынан біз алғысымызды білдіреміз. Жалаулы ауылында 14 үйді су басқан. Қазір мамандар шығын көлемін шамамен 48 млн. теңге деп болжап отыр. Ал баспанасы жарамсыз болып қалған тұрғындарға 5 жаңа үй салынбақ. Қалған баспаналарға күрделі жөндеу жасалынады. Серік АХМЕТОВ, ЖАЛАУЛЫ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Міне, 10 күн үйдің суда тұрғанына міне ұзын көшенің бойы суда. Көмек болмай жатыр деп айтпаймын. Болып жатыр. Су деңгей аздап қайтқан сияқты. Әне үйім. Ол жерге біз бара алмаймыз. Оған етік жарамайды. Ұзын костюм керек.