Павлодар облысының шекарасы өзгерді

Курчатов қаласы Абай облысына берілді.ҚР Үкіметінің қаулысы бойынша, Шығыс Қазақстан, Павлодар облыстарының шекаралары өзгертіліп, Абай облысының шекаралары белгіленді. Құжатқа ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайылов қол қойды. Ресми түрде Павлодар облысының аумағына кірген Курчатов қаласы Абай облысына берілді. Курчатов қаласының жалпы аумағы 11 мың гектарды құрайды. «Тарихи тұрғыдан алғанда, 1997 жылы Семей облысы таратылған кезде Курчатов Шығыс Қазақстан облысының әкімшілігінің бағынышына берілген, алайда заңнаманың талаптарына сәйкес тиісті құжаттаманы жүргізбеу салдарынан ол Павлодар облысының жерлерінде аумақтық түрде қалды», – деп хабарлады Абай облысының әкімдігінде. Еске сала кетейік, Павлодар облыстық мәслихатының II кезектен тыс сессиясында Үкіметке облыстың шекарасы өзгерту туралы ұсыныс енгізу мәселесі қаралған болатын. Депутаттар Курчатов қаласын Абай облысына берілуіне бірауыздан дауыс берген еді.

Читать источник astanatv.kz/kz/
"Алданып қалмаңыздар!": Ұлттық банк маңызды мәлімдеме жасады
Үкімет: Ұлытау облысында қайтарылған активтерден 1,2 млрд теңгеге мектеп салынады
Тоқаев Қазақстанның Жапониядағы елшілігінде ауыс-түйіс жүргізді
Астаналық әйел Жұлдыз Әбдікәрімованы сотқа берді
Жыл қорытындысы: Өнеркәсіптік жаңғырту және отандық өндірушілерді қолдау – экономикалық тұрақты өсудің негізі 
Ұлытау облысында жаңа мектеп салуға 1,2 млрд теңгеден астам қаражат бөлінді
Алматы әкімдігінде Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау алдын ала қорытындыланды
Ұлттық банк алаяқтар туралы айтты
"Дарын" жастар сыйлығы жеңімпаздарының тізімі жарияланды
13 өңірге дауылды ескерту жарияланды
Бүгінгі валюта бағамы белгілі болды
Құтқарушылар астаналықтарға ескерту жасады
Жамбыл тұрғыны жолдасын кірпішпен ұрып, 11 жылға сотталды
Астана - Челси ойыны: Алматыда қай көшелер жабылады?
Қылмыстық топтан тәркіленген мүлікті шетелдіктерге сатпақ болғандар анықталды
Шетелдіктерге тәркіленген Қоспаев ҰҚТ мүлкін сатпақ болған - ҚМА
Жеңілістен көз ашпайтын "Астана" (ВИДЕО)
Елде өңдеу өнеркәсібінің көлемі артқан
Жапониядағы жаңа елші тағайындалды
Үкімет Ұлытау облысында мектеп салуға 1,2 млрд теңге бөлді
«Нәтиже жоқ»: Полиция Шерзат Полаттың үйін өртеген адамдарды әлі таппаған
Қазгидромет Алматы тұрғындарына ескерту жасады: 12 желтоқсан 2024, 09:37 - жаңалықтар Tengrinews.kz
Елімізде өңдеу өнеркәсібі дамып келеді
Елімізде 25 мың жұмыс орны ашылады