Сағат 11:30-дағы жағдай бойынша республикалық және облыстық маңызы бар барлық жолдар ашылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, халықты ескерту мақсатында жеті СМС-хабарлама таратылды. «Дәрмен» мобильдік қосымшасы арқылы тоғыз хабарлама, екі телерадиоқабылдау жіберілді. – Бір түнде облыс бойынша жалпы саны 354 көлік жиналып қалған. Оның ішінде 232-сі – жүк көлігі, 116-сы – жеңіл автомобиль, алтауы – автобус. Ондағы адамдар саны – 642, оның ішінде сегізі – бала, – деді департаментте. Жылыту пункттерінде болған адамдардың жалпы саны – 112 адам, оның ішінде төртеуі – бала. «Vita» еріктілері Екібастұз қаласының төтенше жағдайлар басқармасымен бірлесіп, Астана-Павлодар тас жолында жүргізушілер үшін пісірмелер мен ыстық шай таратты. Еске сала кетейік, 8 ақпан күні сағат 19:20-дан бастап ауа райының нашарлауына байланысты Атамекен кентінен Шідерті кентіне дейінгі Қызылорда-Павлодар республикалық маңызы бар автожол учаскесінде көлік қозғалысы жабылған болатын.