Семейде 30 жыл бір-бірін көрмеген әке мен бала қауышты.Ведомство мәліметінше, Павлодар тұрғыны ұзақ уақыт бойы әкесін көрмеген. Жігіт 2 жаста болғанда, ата-анасы ажырасып кеткен. Ал ол анасымен бірге Павлодарға көшіп кеткен. Қазірге дейін ол сонда тұрады. Жігіт өзінің бала арманын орындап, әкесін қайта көруге шешім қабылдап, Семей полицейлерінен көмек сұраған. Әуезов полиция бөлімінің учаскелік инспекторы Әділ Баймурзин іздеу жұмыстарын ұйымдастырып, ер адам орналасқан жерді анықтаған. Оның әкесі бұрынғы мекенжайда тұрмайтыны, ол пәтерін сатып, шаруа қожалығына жұмыс істеуге көшкені белгілі болған.